Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Білім саласында 583 млн теңге жымқырған 14 шенеунік түрмеге қамалды

қылмыс
Фото: из открытых источников

Бәйдібек аудандық білім бөлімінің қызметкерлері — басшылар, есепшілер мен экономистер 49 мектепте жалақыға арналған өтінімдерді қолдан асыра көрсету арқылы бюджет қаржысын жымқырған. Қылмыстық схемаға барлығы 18 адам қатысқан.

Тергеу дерегінше, бухгалтерлер электронды жүйелерге жалған мәлімет енгізіп отырған.

Ал басқа қатысушылар қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп айырысу мен жұмыс уақыты табельдерін рәсімдеп, бәрін заңды етіп көрсетуге тырысқан. Осылайша 583 млн теңге ұрланған.

Сот үкімімен 14 адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы төрт адамға амнистия қолданылды.

Тегтер: