Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:30, 31 Наурыз 2025

Блогерлерге әлеуметтік желідегі ұтыс ойындары үшін айыппұл салынады

лоторея
Фото: ЖИ

Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялар мен ұтыс ойындарын ұйымдастыруға қарсы күрес күшейтілуде.

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың мәлімдеуінше, лотереялар өткізу құқығы тек арнайы операторға және оның агенттеріне ғана берілген. Бұл құқық бұзғандар 4 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. 

2024 жылдың сәуір айында қабылданған заңға сәйкес, әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалаған блогерлерге 60 АЕК (221 520 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл шаралар заңсыз ойын бизнесін насихаттауды азайтуға бағытталған. 

Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйегінде күшіне енген "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға сәйкес, блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Онлайн-жарнама арқылы табыс табатындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Жалған ақпарат таратқаны үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда айыппұл көлемі екі есеге артады немесе қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін. 

Әлеуметтік желілерде заңсыз ойын ұйымдастырғандар да жауапкершілікке тартылуда. Мысалы, Алматыда TikTok арқылы онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарын ұйымдастырған алты адам сотталды. Олардың төртеуі 19 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Блогерлерге қандай жаза қарастырылған?

  • Заңсыз ұтыс ойындарын өткізген тұлғаларға 7,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

  • Сонымен қатар, алынған кірістер тәркіленуі мүмкін.

Қанша адам жауапқа тартылды?
2024 жылдың ақпан айынан бастап 113 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал салынған жалпы айыппұл сомасы 50 миллион теңгеден асты.

Тегтер: