Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Bloomberg: Қарашада Украина Ресей зауыттарына рекорд дәрежеде шабуыл жасады

Израиль шабуылы
Фото: ашық дереккөз

  Қараша айында Украина Қарулы күштері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына кемінде 14 рет шабуыл жасаған.

Бұл – соғыс басталғалы бір ай ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұл жөнінде Bloomberg ақпарат агенттігі елдердің ресми мәлімдемелеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Bloomberg дерегінше, өткен айда тек мұнай өңдеу зауыттары ғана емес, сонымен қатар:

  • ресейлік мұнай танкерлері,

  • мұнай құю терминалдары,

  • Ресей мұнайын тасымалдаған теңіз кемелері

де шабуылға ұшыраған.

Өткен апта соңында Украина Қара теңізде екі ресейлік танкерге соққы жасағаны хабарланды. Бұдан бөлек, Ресей мұнайын бұрын тасымалдаған тағы бір танкер Сенегал астанасы маңында жарылған.

28 қараша кешінде Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) Түркияның Коджаэли провинциясы жағалауында Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі Kairos және Virat танкерлеріне теңіз дрондарымен шабуыл жасалғанын растады.

Бұл екі кеме ЕО, Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ санкцияларының тізімінде тұрған. Олар Новороссийск портына бет алған.

Тегтер: