Bloomberg: Ресей Стамбұлдағы келіссөзде Украинаға соғысты тоқтату үшін қатаң шарттар қойды

Bloomberg агенттігіне сенімді дереккөздердің хабарлауынша, Стамбұлда өткен келіссөздер кезінде Ресей тарапы Украинаға бірқатар қатаң шарт қойған.
Бұл шарттар Мәскеудің қазіргі соғысты тоқтату үшін қандай саяси бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді.
Мәскеудің қойған талаптары:
-
Украина бейтарап ел мәртебесін қабылдауы тиіс
– Украина аумағында шетелдік әскери базалар мен жаппай қырып-жою қаруы болмауы керек. -
Киев Мәскеуден соғыс шығынын өтетуді талап етпеуі тиіс
-
Қырым мен төрт облыстың Ресейге өткенін мойындауы тиіс
– Бұл облыстар: Қырым, Донецк, Луганск, Запорожье, және Херсон.
– Ресей делегациясы атысты тоқтату Владимир Путиннің шешімімен, ресейлік әскер бұл аймақтардан толық шығарылғаннан кейін ғана жүзеге асуы мүмкін екенін айтты. -
Халықаралық қауымдастық бұл бес аймақты Ресейдің жері ретінде мойындауы тиіс
АҚШ-тың ұстанымына қайшы
Bloomberg мәліметінше, Ресейдің бұл шарттары АҚШ ұсынған бейбітшілік жоспарына кереғар келеді. АҚШ Украина тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын толық сақтауға бағытталған бейбіт жолды ұсынады.
АҚШ-тағы ресми тұлғалар Ресейдің бұл шарттарын аса ауыр және Украина үшін мүлдем қолайсыз деп бағалап отыр. Трамп әкімшілігі әзірге бұл ұсынысқа нақты жауап бермегенімен, шенеуніктер Путинді бейбітшілікке кедергі келтіріп отырған басты тұлға ретінде қарастырып отыр.
Еуропаның реакциясы
Еуропалық дипломаттардың бірі Bloomberg-ке берген сұхбатында:
«Осы аптадағы оқиғалар Трампқа Ресейдің шынайы позициясын түсінуге көмектессе екен. АҚШ тарапынан қатаң реакция қажет», – деген.
Кейбіреулер Трамп Мәскеуге жанама санкциялар енгізуі мүмкін деп үміттенеді.