Bloomberg: Солтүстік Корея Ресейге 100 мыңға дейін сарбаз жіберуі мүмкін
Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғыста Ресейге көмектесу үшін жалпы саны 100 мыңға дейін әскерін жіберуі мүмкін.
Бұл туралы Bloomberg G20 елдеріндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның дереккөздері бұл алдын ала болжам екенін және рас болған күннің өзінде бірден 100 мың әскерді КХДР жібермейтінін айтты.
"Біз ротацияны ескере отырып, Ресейге әскери қолдау көрсетуге қатыса алатын Солтүстік Корея әскери қызметкерлерінің жалпы санын айтып отырмыз", - дейді олар.
Бұған дейін Украинаның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дмитрий Пономаренко «Америка дауысының» оңтүстік кореялық қызметімен сұхбатында осындай баға берген болатын. Оның айтуынша, Курск аймағындағы Солтүстік Кореяның 15 мың әскері ай сайын ротацияланатын болады.
Себебі Ресей мен Солтүстік Корея жан-жақты стратегиялық серіктестікті ратификациялады. Шарт мәтініне сәйкес, тараптардың біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда, екіншісі дереу әскери және басқа да көмек көрсетуге міндеттеледі. Сондай-ақ тараптар үшінші елдермен бір-біріне қарсы бағытталған келісімдер жасамауға, олардың аумағын екінші тараптың егемендігін бұзу үшін пайдалануға жол бермеуге келісті.