БӨКЕЙ ОРДАСЫНАН МӘСКЕУГЕ ЖӨНЕЛТІЛГЕН ЖЕДЕЛХАТ

Батыс Қазақстан облыстық архив қорында 1920 жылы Бөкей Ордасынан Мәскеуге Ахмет Байтұрсынұлына жөнелтілген жеделхат сақталған.
Бұл қағазы көнеріп, бояуы солғын тартқан жеделхат бізді бей-жай қалдырмады. «Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп кетелік», – деп, бар ғұмырын қазақ халқының келешегі үшін арнаған ұлы тұлғаға бөкейліктердің көрсеткен құрметін оқырманға жеткізуді жөн санадық.
Батыс Қазақстан облыстық архив қорында 1920 жылы 17 мамыр күні басталып, 10 күнге созылған Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің хаттамасы сақталған. Ордада өткізілген алдыңғы үш съезге қарағанда, бұл съездің ерекшелігі Бөкей даласындағы Азамат соғысы өртінің бәсеңдеген тұсында өткізілуі. Архив қорында сақталған съезд хаттамасы бойынша 4-съездің күн тәртібіне халық ағарту, ұлт мәселесі, денсаулық сақтау, қаржы, азық-түлік, ел ішіндегі жұқпалы ауруларға қарсы күрес, съездің құрметті төралқасын сайлау, т.б. маңызды мәселелер енгізілген.
Алғашқы мәжіліс жұмысын ашқан съез төрағасы С.Меңдешевтен кейін сөз алған Бөкей облыстық атқару комитетінің төрағасы С.Милютин съездің құрметті төралқасына революционер тұлғалар В.И.Ленин, Г.Е.Зиновьев, Л.Д.Троцкий, Н. Наримановты қаласа, делегат Жұмағалиев құрметті төралқаға Ахмет Байтұрсынұлын ұсынады.
Аталған адамдардың ішінде А.Байтұрсынұлын ұсыну мәселесінде делегаттар арасында дау болады. Делегат Жұмағалиевтың: «А.Байтұрсынов коммунист болмаса да, қырғыз халқы үшін көп еңбек сіңірген, көп зардап шеккен қарт революционер», – деген ұсынысын делегат А.Азербаев қолдайды. Ал Атаянц пен Томосов: «Зардап шеккен революционерлер көп, бірақ Ленин, Троцкий, т.б. сияқты бізді Қазан төңкерісіне жеткізгендер аз», – деп қарсы шығады. Олардың бұл пікіріне Азербаев: «Байтұрсынов қырғыз халқынан шыққан жалғыз революционер», – деп жауап қатты. Қайтадан сөз алған Атаянц: «Байтұрсыновты жақсы білемін, ол бізді бүгінгі жетістікке жеткізгендер қатарынан емес», – деген ойын айтады.
Осы тұста съезд төрағасы С. Меңдешев делегаттардың екі жақты айтысын тоқтатып, А.Байтұрсынұлын дауысқа салуды ұсынады. Төрағаның бұл ұсынысын қолдап, дауысқа салған кезде делегаттардың 89-ы қолдайды, 37-і қарсы, 2-і қалыс қалады. Сөйтіп, көпшілік дауыспен алаш ардақтысы Бөкей даласында өткен съездің құрметті төралқасына сайланады.
Делегаттар бұдан кейін де үнсіз қалмаған. 1908 жылдан коммунистік партияның мүшесі, 1918 жылдың сәуір айынан Бөкей облыстық атқару комитетінің төрағасы делегат Степан Милютин: «Шығыс халықтарының кеңпейілі, кешірімпаздығы бүгін де дәлелденді. Кешегі жауымыз Алашорданың өкілі, бүгін Кеңес өкіметі жағына шығып отырған А.Байтұрсыновты съездің құрметті төралқасына сайлады», – деп ішкі ызасын жасырмайды.
Осы тұста тарихқа шегініс жасасақ, Алаш тұлғасы А. Байтұрсынов Алашорда үкіметінің атынан Кеңес өкіметінің басшыларымен келіссөз жүргізу үшін 1919 жылы көктемде Мәскеуге келеді. Сол жылдың шілдесінен бастап ол Мәскеуде Қазақ Әскери Революциялық Комитеті төрағасының орынбасарлығына тағайындалды. 1920 жылы сәуір айында: «Қаншама жыл қиналып келген қазақ халқының бостандығын алу жолдарын ұзақ уақыт іздегеннен кейін мен мынаған көзім жетті:… РКП бағдарламасында аймақтағы ұлттық қарым-қатынас жөнінде ұлттың өзін-өзі анықтаудағы… Ленин жолдастың көзқарасында… қаналушы ұлт ретінде қырғыз халқының мүддесін толық қамтамасыз етуге мүмкіншілік жасайтындары айтылған. Осындай бағдарламадағы айтылған істерді, әсіресе шығыс істерін жүзеге асыруға көмектесу үшін Ресей коммунистік партиясының құрамына кіруге шешім қабылдадым», – деп, коммунистік партия қатарына кеңестік платформаға өткен еді.
Съездің 21-і мамыр күні кешкі сағат 18.00-де басталған мәжілісінде съездің құрметті төралқаларына жіберілетін жеделхатқа байланысты тағы да дау шықты. Мәжіліс төрағасы С.Мендешев құрметті төралқаға сайланған адамдарға 4-съездің атынан жіберілетін жеделхаттың мазмұнымен таныстырған кезде, делегат оңшыл эсер А.Азербаев: «Қырғыз халқына Н.Наримановтың есімі танымал емес, ол қырғыздар үшін еңбек сіңірген жоқ, сондықтан съездің атынан Наримановқа жіберілетін жеделхат қырғыздарға аты әйгілі А.Байтұрсыновқа да жіберілсін», – дейді. Ал делегат Мұстафа Көкебаев: «Байтұрсыновтың ақ гвардияшылдар жағында болғаны да шындық. Бірақ ол қырғыз халқының бірден-бір көрнекті көсемі. Қырғыз өлкесінің Қазақ Әскери Революциялық Комитетінің мүшесі. Сондықтан съездің барлық делегаттарының атынан А. Байтұрсыновқа жеделхат жолдансын» деп, нақты айтқан пікірін делегат Иванов та қолдайды. Осылайша, жақтап сөйлеушілердің пікірлерінен соң съездің өзге құрметті төралқалары В.И. Ленин, Г.Е.Зиновьев, Л.Д.Троцкий, Н.Нариманов, сондай-ақ А.Байтұрсынұлының атына төмендегідей мазмұнда:
«Адрес Москва
ул. Трубниковская 10
Кирпредставительство
Кирревком Байтурсинову
Сіздің Кеңес өкіметі тұсындағы қырғыз халқы үшін сіңірген еңбегіңізді бағалап, Бөкей облыстық кеңестерінің 4-съезі Сізді көпшілік дауыспен съездің құрметті төралқасына сайлады. Езілуші қырғыз халқының жарқын келешегі үшін Сіздің күш-қуатыңызды жұмсап қызмет ететіндігіңізге съезд сенім білдіреді. Съезд Президиумы», – деп жазылған жеделхат (Сурет 4) жөнелтеді. Ордадан жеделхатты әуелі Орынборға жазып, кейін А.Байтұрсынұлының Мәскеуде екенін анықтап, мекенжайды түзетеді.
Архив деректеріне қарағанда, съездің құрметті төралқаларының әрқайсысына түрліше мазмұнда жазылған жеделхаттар жөнелтілген. Сондай-ақ әзербайжан халқының ағартушысы, драматург, дәрігер, 1911 жылы бөкейлік қазақ зиялыларын қолдап «Қазақстан» газетінің баспадан шығуына қол ұшын берген, мұсылман халықтарының теңдігі үшін күрескен қайраткер Нариманбек Наримановқа да жеделхат (сурет 5) жөнелткен.
Ал РСФСР-дің тұңғыш халық ағарту комиссары А.В. Луначарскийді төралқаға сайлау жөніндегі ұсынысты көпшілік дауыспен делегаттар қабылдамады.
Ұлт ұстазы өміріндегі тағы бір тарихи сәйкестікті айта кетейік.
1920 жылы 17 мамырда Ордада өткен съездің құрметті төралқасына сайланған А.Байтұрсынұлы дәл сол күні Қазақ Әскери Революциялық Комитеті төрағасының орынбасары ретінде В.И. Ленинге хат жолдаған. Белгілі алаштанушы академик ғалым М.Қойгелдиев бұл хат жөнінде: «Кеңес өкіметінің ұлт мәселесінде бағдарламалық ұстанымының жоқ екендігін сырттай емес, Қазақ революциялық комитетінің қызметіне тікелей араласа жүріп байқаған А.Байтұрсынұлы: «...Ұлттық қанау мен кемсіту көрген қазақтардан асқан бұратана халық болмаған шығар. Ұлттық қанау ұлтшылдық сезім тудырмай қоймайды», – деп Совет өкіметінің қазақ қоғамына қатысты жіберіп отырған принциптік кемшіліктеріне тоқталды. Орталық билікке оның қазақ саясатына байланысты кемшілігін көрсетіп, сынаумен шектелмей, бұл күрделі жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін өзінің ұсынысын да білдірді», – деген тұжырым жасайды.
Түйіндеп айтқанда, «А.Байтұрсыновтың қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қайраты, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын болады», – деп заңғар жазушы М.Әуезов бекер айтпаған. Ұлт мүддесі жолында жан аямай қызмет еткен ұлы тұлғаның есімі халқымен бірге мәңгі жасайды.
Сурет 1. 2, 3. Алаш ардақтысы А. Байтұрсынұлы туралы Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің делегаттарының пікірлері.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Сурет 2. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Сурет 3.

Сурет 4. Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің құрметті төралқасына сайланған А.Байтұрсынұлына Бөкей Ордадан жөнелтілген жеделхат.

Сурет 5. Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің құрметті төралқасына сайланған Н.Наримановқа Бөкей Ордасынан жөнелтілген жеделхат.

Бұл қағазы көнеріп, бояуы солғын тартқан жеделхат бізді бей-жай қалдырмады. «Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп кетелік», – деп, бар ғұмырын қазақ халқының келешегі үшін арнаған ұлы тұлғаға бөкейліктердің көрсеткен құрметін оқырманға жеткізуді жөн санадық.Батыс Қазақстан облыстық архив қорында 1920 жылы 17 мамыр күні басталып, 10 күнге созылған Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің хаттамасы сақталған. Ордада өткізілген алдыңғы үш съезге қарағанда, бұл съездің ерекшелігі Бөкей даласындағы Азамат соғысы өртінің бәсеңдеген тұсында өткізілуі. Архив қорында сақталған съезд хаттамасы бойынша 4-съездің күн тәртібіне халық ағарту, ұлт мәселесі, денсаулық сақтау, қаржы, азық-түлік, ел ішіндегі жұқпалы ауруларға қарсы күрес, съездің құрметті төралқасын сайлау, т.б. маңызды мәселелер енгізілген.
Алғашқы мәжіліс жұмысын ашқан съез төрағасы С.Меңдешевтен кейін сөз алған Бөкей облыстық атқару комитетінің төрағасы С.Милютин съездің құрметті төралқасына революционер тұлғалар В.И.Ленин, Г.Е.Зиновьев, Л.Д.Троцкий, Н. Наримановты қаласа, делегат Жұмағалиев құрметті төралқаға Ахмет Байтұрсынұлын ұсынады.
Аталған адамдардың ішінде А.Байтұрсынұлын ұсыну мәселесінде делегаттар арасында дау болады. Делегат Жұмағалиевтың: «А.Байтұрсынов коммунист болмаса да, қырғыз халқы үшін көп еңбек сіңірген, көп зардап шеккен қарт революционер», – деген ұсынысын делегат А.Азербаев қолдайды. Ал Атаянц пен Томосов: «Зардап шеккен революционерлер көп, бірақ Ленин, Троцкий, т.б. сияқты бізді Қазан төңкерісіне жеткізгендер аз», – деп қарсы шығады. Олардың бұл пікіріне Азербаев: «Байтұрсынов қырғыз халқынан шыққан жалғыз революционер», – деп жауап қатты. Қайтадан сөз алған Атаянц: «Байтұрсыновты жақсы білемін, ол бізді бүгінгі жетістікке жеткізгендер қатарынан емес», – деген ойын айтады.
Осы тұста съезд төрағасы С. Меңдешев делегаттардың екі жақты айтысын тоқтатып, А.Байтұрсынұлын дауысқа салуды ұсынады. Төрағаның бұл ұсынысын қолдап, дауысқа салған кезде делегаттардың 89-ы қолдайды, 37-і қарсы, 2-і қалыс қалады. Сөйтіп, көпшілік дауыспен алаш ардақтысы Бөкей даласында өткен съездің құрметті төралқасына сайланады.
Делегаттар бұдан кейін де үнсіз қалмаған. 1908 жылдан коммунистік партияның мүшесі, 1918 жылдың сәуір айынан Бөкей облыстық атқару комитетінің төрағасы делегат Степан Милютин: «Шығыс халықтарының кеңпейілі, кешірімпаздығы бүгін де дәлелденді. Кешегі жауымыз Алашорданың өкілі, бүгін Кеңес өкіметі жағына шығып отырған А.Байтұрсыновты съездің құрметті төралқасына сайлады», – деп ішкі ызасын жасырмайды.
Осы тұста тарихқа шегініс жасасақ, Алаш тұлғасы А. Байтұрсынов Алашорда үкіметінің атынан Кеңес өкіметінің басшыларымен келіссөз жүргізу үшін 1919 жылы көктемде Мәскеуге келеді. Сол жылдың шілдесінен бастап ол Мәскеуде Қазақ Әскери Революциялық Комитеті төрағасының орынбасарлығына тағайындалды. 1920 жылы сәуір айында: «Қаншама жыл қиналып келген қазақ халқының бостандығын алу жолдарын ұзақ уақыт іздегеннен кейін мен мынаған көзім жетті:… РКП бағдарламасында аймақтағы ұлттық қарым-қатынас жөнінде ұлттың өзін-өзі анықтаудағы… Ленин жолдастың көзқарасында… қаналушы ұлт ретінде қырғыз халқының мүддесін толық қамтамасыз етуге мүмкіншілік жасайтындары айтылған. Осындай бағдарламадағы айтылған істерді, әсіресе шығыс істерін жүзеге асыруға көмектесу үшін Ресей коммунистік партиясының құрамына кіруге шешім қабылдадым», – деп, коммунистік партия қатарына кеңестік платформаға өткен еді.
Съездің 21-і мамыр күні кешкі сағат 18.00-де басталған мәжілісінде съездің құрметті төралқаларына жіберілетін жеделхатқа байланысты тағы да дау шықты. Мәжіліс төрағасы С.Мендешев құрметті төралқаға сайланған адамдарға 4-съездің атынан жіберілетін жеделхаттың мазмұнымен таныстырған кезде, делегат оңшыл эсер А.Азербаев: «Қырғыз халқына Н.Наримановтың есімі танымал емес, ол қырғыздар үшін еңбек сіңірген жоқ, сондықтан съездің атынан Наримановқа жіберілетін жеделхат қырғыздарға аты әйгілі А.Байтұрсыновқа да жіберілсін», – дейді. Ал делегат Мұстафа Көкебаев: «Байтұрсыновтың ақ гвардияшылдар жағында болғаны да шындық. Бірақ ол қырғыз халқының бірден-бір көрнекті көсемі. Қырғыз өлкесінің Қазақ Әскери Революциялық Комитетінің мүшесі. Сондықтан съездің барлық делегаттарының атынан А. Байтұрсыновқа жеделхат жолдансын» деп, нақты айтқан пікірін делегат Иванов та қолдайды. Осылайша, жақтап сөйлеушілердің пікірлерінен соң съездің өзге құрметті төралқалары В.И. Ленин, Г.Е.Зиновьев, Л.Д.Троцкий, Н.Нариманов, сондай-ақ А.Байтұрсынұлының атына төмендегідей мазмұнда:
«Адрес Москва
ул. Трубниковская 10
Кирпредставительство
Кирревком Байтурсинову
Сіздің Кеңес өкіметі тұсындағы қырғыз халқы үшін сіңірген еңбегіңізді бағалап, Бөкей облыстық кеңестерінің 4-съезі Сізді көпшілік дауыспен съездің құрметті төралқасына сайлады. Езілуші қырғыз халқының жарқын келешегі үшін Сіздің күш-қуатыңызды жұмсап қызмет ететіндігіңізге съезд сенім білдіреді. Съезд Президиумы», – деп жазылған жеделхат (Сурет 4) жөнелтеді. Ордадан жеделхатты әуелі Орынборға жазып, кейін А.Байтұрсынұлының Мәскеуде екенін анықтап, мекенжайды түзетеді.
Архив деректеріне қарағанда, съездің құрметті төралқаларының әрқайсысына түрліше мазмұнда жазылған жеделхаттар жөнелтілген. Сондай-ақ әзербайжан халқының ағартушысы, драматург, дәрігер, 1911 жылы бөкейлік қазақ зиялыларын қолдап «Қазақстан» газетінің баспадан шығуына қол ұшын берген, мұсылман халықтарының теңдігі үшін күрескен қайраткер Нариманбек Наримановқа да жеделхат (сурет 5) жөнелткен.
Ал РСФСР-дің тұңғыш халық ағарту комиссары А.В. Луначарскийді төралқаға сайлау жөніндегі ұсынысты көпшілік дауыспен делегаттар қабылдамады.
Ұлт ұстазы өміріндегі тағы бір тарихи сәйкестікті айта кетейік.
1920 жылы 17 мамырда Ордада өткен съездің құрметті төралқасына сайланған А.Байтұрсынұлы дәл сол күні Қазақ Әскери Революциялық Комитеті төрағасының орынбасары ретінде В.И. Ленинге хат жолдаған. Белгілі алаштанушы академик ғалым М.Қойгелдиев бұл хат жөнінде: «Кеңес өкіметінің ұлт мәселесінде бағдарламалық ұстанымының жоқ екендігін сырттай емес, Қазақ революциялық комитетінің қызметіне тікелей араласа жүріп байқаған А.Байтұрсынұлы: «...Ұлттық қанау мен кемсіту көрген қазақтардан асқан бұратана халық болмаған шығар. Ұлттық қанау ұлтшылдық сезім тудырмай қоймайды», – деп Совет өкіметінің қазақ қоғамына қатысты жіберіп отырған принциптік кемшіліктеріне тоқталды. Орталық билікке оның қазақ саясатына байланысты кемшілігін көрсетіп, сынаумен шектелмей, бұл күрделі жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін өзінің ұсынысын да білдірді», – деген тұжырым жасайды.
Түйіндеп айтқанда, «А.Байтұрсыновтың қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қайраты, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын болады», – деп заңғар жазушы М.Әуезов бекер айтпаған. Ұлт мүддесі жолында жан аямай қызмет еткен ұлы тұлғаның есімі халқымен бірге мәңгі жасайды.
Сурет 1. 2, 3. Алаш ардақтысы А. Байтұрсынұлы туралы Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің делегаттарының пікірлері.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Сурет 2. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Сурет 3.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Сурет 4. Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің құрметті төралқасына сайланған А.Байтұрсынұлына Бөкей Ордадан жөнелтілген жеделхат.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Сурет 5. Бөкей облыстық Кеңесінің 4-съезінің құрметті төралқасына сайланған Н.Наримановқа Бөкей Ордасынан жөнелтілген жеделхат.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив, 312-қор, 1-тізім, 2-іс.
Бақтылы БОРАНБАЕВА, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымының кандидаты