Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:18, 02 Желтоқсан 2024

Бокстан Азия чемпионаты: жарыстың үшінші күні рингке кімдер шығады

бокс
Фото: ҰОК

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші жарыс күні Қазақстаннан екі спортшы рингке шығады.

Бұл жолы қазақстандық қыздар бақ сынайды.

Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта ринг иесі Раксат Чутхаматпен қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ, Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта украиналық Карина Вовкпен айқасқа түседі.

Бокстан жекпе-жектер сағат 12.00-де басталады. Тікелей эфир: ASBC Youtube.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыс басталмай жатып Қазақстанның 6 медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қазақстандық екі боксшы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.

Тегтер: