Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 13 Наурыз 2023

Болашаққа сенеміз! Байтаққа дауыс береміз!

None
None

«Болашаққа сенеміз! Байтаққа дауыс береміз!» атты ұранмен «Байтақ» партиясы нүктелі құрылыс нысандарының салуына қарсы санкцияланған митинг өткізді.

Тығыз орналасқан жерге халықтың жайлылығы үшін саябақ пен аллея салудың орнына, жыпырлаған құрылыс нысандарын салуына наразылығын отыздан аса адам, оның ішінде қоғам қайраткерлері, мәслихат депутатығына үміткерлер, қоғам белсенділері білдірді.

Бұл мәселе Астана қаласы үшін өзекті мәселелердің бірі. Жер көлемі бойынша әлемде 9 орын алатын біздің мемлекеттің астанасында үйлер бірінің үстінен бірі тұрғызылып жатыр. Өте ұят дүние. Өткен жылы Абу-Даби мен ботаникалық саябақ арасында сызықтық саябақ салудың орнына, «Орда инвест» құрылыс компаниясы 19 қабатты үйді салуды жоспарлаған болатын. Біз оған жол бермедік. Бұл біздің жеңісіміз. 30 жыл саясатта жүріп, сайлау алдында барлық мәселені шешеміз деп жатқан депутаттарға сенбеңіздер. Осы уақытқа дейін еш нәрсе жасамаған олар, әрі қарай да жасамайды. Үкіметке жаңа адамдар келу керек,- деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.

Айта кетсек, соңғы 3 жылда елордада 8 млн шаршы метрден асатын баспана салынды.Ал қала бойынша әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі біршама. Статистикалық ақпарат бойынша өткен жылдың есебі бойынша 49 мың бөбек балабақшаға кезекте тұр, ал 26 мың оқушы мектеп орындарына мұқтаж.

Мен осы Астана қаласының тумасымын. Осы қаламен менде бірге өстім. Мектепке барып, алаңсыз балалық шағымды доп қуалап, алаңдарда емін-еркін ойнап жүрдім. Қазіргі күні мен оқыған №32 мектепке қарасам жүрегім ауырады.  Кезінде саябақ пен спорт алаңының төрінде тұрған мектептің жан-жағы көпқабатты үйлермен қоршалған. Соның салдарынан 1800 оқушыға бағытталған оқу ордасында 3800 оқушы білім алып жатыр. Осыдан мұғалімдердің жұмысына салмақ түсіп жатыр, сапалы білімнің төменділігі де осыдан шығады. Нүктелі құрылыс нысаны бүгінгі күннің дерті сынды,- деп күйінді белгілі ғалым Нариман Баубек.

Байтақтар өздерінің бағдарламаларын жасылдандыру мен көгаландыруға үлкен мән бере отырып, үйлесімді қаланың көрінісін құруға бағыттап отыр.

Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы «Байтақ партиясы» ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: