Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:07, 03 Қараша 2023

Болат Керімбек. Жаңа дәуір – Түркі дәуірі!

Саммит
Фото: из открытых источников

Бүгін Қазақ елінде Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінің өтуі тегін емес. Байтақ Қазақ жері – барша түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы, ардақ тұтар Атажұрты. 

Бағзы заманда Ұлы Далада өркен жайған Түркі қағанаты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты алып жатса, қазіргі таңда түбі бір түркі елдері – жеке дара бір-бір мемлекет. Оларды біріктіретін ортақ құндылықтар – тарих, мәдениет және тіл. 

Астанада өткен осынау тарихи саммитте ортақ мақсат-міндеттеріміз айқындалып, 2040 жылға дейінгі стратегиялық құжат қабылданды. Онда басты 8 бағыт анықталды. Бұл – Түркі мемлекеттері ұйымының жаңа белесі. 

Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы беделді халықаралық ұйымға айналды. Бұл ұйымға кіретін елдердің жиынтық нарығы шамамен 160 млн. адамды құрайды, жалпы ішкі өнімі доллармен есептегенде 1,3 трлн. Астам. Бұл – әлемдік экономиканың 2,3%-ға жуығы. 

Жаңа дәуірге бір мақсат, асқақ мұратпен қадам басқан Түркі дүниесінің қашанда жолы оң болғай.

Тегтер: