Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 25 Шілде 2025

Болат Назарбаевтың қызы 50 жасын дүркіретіп атап өтті

Гүлмира Әбішева
Гүлмира Әбішева. Фото: ашық дереккөз

23 шілдеде Болат Назарбаевтың қызы, бұрынғы судья Гүлмира Әбішева 50 жылдық мерейтойын атап өткен.

Жеке кешке жоғары лауазымды тұлғалар мен эстрада жұлдыздары шақырылып, мерейтой сән-салтанатпен өтті. Қонақтардың айтуынша, мерекеде әнші Шамхан Далдаев, Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Асет Көпешбаев пен оның әріптесі Самат Берістемов, алматылық судья Саида Болат, сондай-ақ Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының жұбайы және басқа да танымал тұлғалар болған.

Гүлмира Әбішева — Болат Назарбаевтың бірінші жұбайы Гүлжан Назарбаевамен некесінен туған үлкен қызы. Ол өзінің еңбек жолын Бас прокуратурада бастап, кейін әділет саласында, Алматы қаласының жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасында жұмыс істеген.

2006 жылдан бастап сот жүйесінде қызмет етіп, Жетісу, Қарасай аудандық соттарын, сондай-ақ Қарасай аудандық әкімшілік сотын басқарған. Кей деректерге сүйенсек, Гүлмира Әбішева сот жүйесінен әкесі Болат Назарбаевтың ауыр сырқатына байланысты кеткен. Ол Дубайда әкесінің жанында болып, күтім жасаған.

Telegram-арналар таратқан ақпаратқа сәйкес, Гүлмира Әбішева – мемлекетке 26 миллиард теңге қарызы бар «GB Invest» ЖШС-нің құрылтайшысы. 

Тегтер: