Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:28

Болат Назарбаевтың ұлы тағы да банкрот болғысы келеді

Нұрбол Назарбаев
Фото: ЖИ

Болат Назарбаевтың ұлы – өзін банкрот деп тануды тағы да сот арқылы талап етіп отыр. Ол мемлекетке кемінде 63 миллиард теңге қарыз.

Нұрбол Назарбаев сотқа арыз беріп, өзін банкрот деп тануды сұраған.

17 ақпанда сот оның өтінішін қабылдап, «сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы» азаматтық іс қозғады.

Істі сот талқылауына дайындау аясында Нұрбол Назарбаев 2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:10-да әңгімелесуге шақырылды. Іске үшінші тарап ретінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тартылған.

Нұрбол ННазарбаета екі іске қатысты қарыз бар.

Бірінші қарыз көлемі – 61 854 480 596 теңге. Оның ішінде 55 миллиард теңге арнайы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс.

Екінші қарызы – 1,6 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығы, оны да мемлекет кірісіне төлеуі керек.

Жалпы қарыз сомасы – 63,7 миллиард теңге.

Нұрбол Назарбаев Болат Назарбаевтың ұлы. 2017 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет атқарған, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары болған.

Кейін кәсіпкерлікпен айналысып, елдегі ең бай бизнесмендер тізіміне енген.

«Қазақстанның 75 ең бай бизнесмені» рейтингінде:

2024 жылы – 49-орын,

2025 жылдың мамырында – 57-орын.

Мамыр айында оның байлығы шамамен 179 миллион доллар деп бағаланған.