10:22, 14 Қараша 2023
Болат Назарбаевтың жаназасы Шамалған ауылында шығарылмақ

Алматы облысы Шамалған ауылында 71 жасқа қараған шағында қайтыс болған Болат Назарбаевтың жаназасы шығарылмақ.
"Ауылда адам қарасы көбейіп, полиция күзеті күшейген. Назарбаевтың үйінің алдына 200-ге жуық адам жиналып тұр. Күзет тілшілерді видеокамерамен үйіне маңайлатпаған. Үйдің маңында интернет нашарлап жатыр",- деп хабарлады Азаттық.
Болат Назарбаевтың қай қорымға жерленетіні әзірге белгісіз.