Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:10, 07 Наурыз 2023

Болды! Ресейдің күні бітті!

None
None

Путиннің тарихтағы орны әлі толық анықталған жоқ, бірақ оның қу жаны тозақ отына күйетіні анық.

Оның Ресейдің ең сәтсіз билеушісі ретінде тарихта қалатыны анық. Әлем тарихында Гитлермен бір қатарда тұратыны анық. Еуразия, Еуропа, Үндістан мен Қытайдың ортасында тұрған алып елді дамытудың орнына құртты.

Путин не бүлдірді?

– Путин орыстың күшін жойып тастады. «Әлемнің екінші армиясы, құдіретті ұлы держава, үлкен жетіліктің сегізінші тең ойыншысы» деп, ресейлік саясаткерлер, ойшылдар, олигархтар мен бизнесмендер мақтанышпен айтып келген нәрсенің бәрін нөл қылды. Путиннің Украинаға қарсы бастаған соғысы – Ресей армиясының ешқандай да әлемнің екінші армиясы емес екенін, Ресейдің еш жері де ешқандай ұлы держава емес екенін ашып көрсетті. Ресей әлемдегі өзінің шын лайықты орнына түсті. Ол барлық параметрі бойынша, ең алдымен әскери және экономикалық қуаты жағынан орташа ғана мемлекет екен. Ғылымы да, технологиясы, мәдениеті мен зияткерлігі жағынан да Ресей ұлы держава емес екен. Бұл өзі Путинсіз де белгілі нәрсе еді, орыс халқы енді осыны мойындауы керек. Путин тек осыны ашып берді. Енді Ресей халқының жалғыз ғана қарапайым жолы қалды. Ол – өзінің ешбір жері ұлы емес екенін түсініп, ұғыну. Мойындау мен көну. Әлемдегі орны тым кішкентай екенін білу. Бар қателігі мен күнәсін түсініп, аянбай қара терге салынып, қиындыққа мойынсынып жұмыс істеу. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неміс пен жапон сөйткен. Олар да соғысқа дейін өздерін бір ұлы, құдіретті, өзгеден ерек халықпыз деп ойлап келген. Сосын 20-30 жылдың ішінде өзгере алды. Орысқа да өзін қайта тану керек. Путиннің кінәсі де, пайдалы еңбегі де – осы. Орыс осы жолдан өтуі керек болатын, өзінің шын мәнінде кім екенін түбі ұғынуы тиіс еді. Шындық қандай ащы болса да, сол шындыққа келуі керек еді.

Путин «Русский мир» деген ұғымды қоса өлтірді. Ресейдің өзінше бір төбе болып тұрған өркениет емес екенін көрсетті. Украинадағы соғыс Ресейдің адам өміріндегі барлық салада әбден кенжелеп қалғанын ашты. Орыс идеясының өзі біреуден нашар көшірілген ескірген идея екен. 

Орыс әлемі осымен өлді. Ресей енді өзінің айтары бар, әлемдегі мәдени орталық, дамудың орталығы болудан қалды. Ендеше, бұл елдің философиялық, антологиялық, метафизикалық тұрғыдан болашағы жоқ. Мұндай катастрофадан кейін мемлекетті құтқарудың жалғыз әдісі – мемлекетті басқа негіздермен қайта құру. Құбырдан ғана тұратын Ресей экономикасы да түбімен құрып барады. Путиннен кейін Ресей қала ма, сақтала ма деген сауалдың еш жауабы жоқ. Ол сауалдың жиынтық жауабын Ресей халықтарының өзі береді. Ресей өзін басқаша етіп қайта құра алса ғана болашағы болады. Путинизм мен Путиннің тарихи миссиясы сол – ол 500 жылдық Ресей мемлекеттілігін жерледі, – дейді ресейлік тарихшы Дмитрий Чернышевский.

Тегтер: