Бүгін, 17:41
Болгария үкіметі жаппай наразылықтан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді
Болгарияда 10 желтоқсанда басталған ірі наразылықтар нәтижесінде премьер-министр Розен Желязков үкіметімен бірге отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Шамамен 10 мыңға жуық адам көшеге шығып, премьердің қызметтен кетуін талап етті. Наразылар парламент ғимаратының алдына жиналып, ғимаратқа «Отставка» және «Мафия, кет!» деген жазуларды проектор арқылы түсірген.
Митингтің өршуіне жемқорлыққа қатысты шағымдар, салық саясатына көңіл толмауы және әлеуметтік төлемдердің қымбаттауы түрткі болған.
Қоғамдық қысымнан кейін үкімет 2026 жылға арналған бюджет жобасын кері қайтарып алды.
Осы оқиғалардан соң премьер-министр Желязков отставкаға кететінін айтты.