Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:02, 26 Қазан 2023

Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

па
Фото: из открытых источников
 

Бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың алты жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болған еді

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Шындалиев Қайрат Боранбаевтың қашан бостандыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Қазір сот шешімі шықты. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде. Нақты датасын айта алмаймын. Қазір есімде жоқ. Сот шешімі қателеспесем, бір апта бұрын қабылданды ғой деймін», – деп жауап берді ол.

«Яғни бір аптадан кейін шығуы мүмкін бе?» деген сұраққа Шындалиев «иә» деп жауап берді.

Бұған дейін апелляциялық сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады деп хабарланған болатын. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова атап өткендей, сот Қайрат Боранбаевтан мемлекет кірісіне мына мүліктерін тәркілеу туралы қаулы шығарды:

  • Алматы қаласы, әл-Фараби көшесі, 77/7-1 мекенжайындағы құны 686 млн теңге болатын коммерциялық ғимарат жер учаскесімен бірге,
  • Халық банкі шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге қаражатын,
  • Боранбаевтың Қазақстан Халық банкінде түрлі шоттарда жатқан: 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге сомасындағы ақшалай қаражат.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевты ұсталып, қамауға алынғаны туралы 2022 жылы 17 наурызда белгілі болды.

Тегтер: