Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:26

Ботагөз Омарованың ұсталуы заңды ма? Бас прокуратура түсініктеме берді

Ботагөз Омарова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, заңда қарастырылған мерзімдерді түсіндірді.

Өтегеновтің айтуынша:

  • егер адамға айып тағылмаса, оны 10 тәулікке дейін ұстауға болады;

  • ал егер адам куәгер ретінде қарастырылса, оны құқық қорғау органдарында 3 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Журналистер Омарованың 8 сағаттан астам уақыт ұсталғанын еске салды.

«Бұл дерек міндетті түрде тексеріледі. Құқықтары бұзылды ма, соны анықтаймыз», – деді Өтегенов.

Тінтуге қатысты түсініктеме

Сондай-ақ ол түнгі уақытта тінту жүргізу заңмен рұқсат етілгенін айтты.

Оның сөзінше, егер дәлелдерді шұғыл тіркеу немесе табу қажет болса, мұндай әрекеттер Қылмыстық-процестік кодекс аясында жүргізіледі.