Бөтеннің аты бөтен...
Нұрбол Назарбаев деген бай бар еді. Өткенде, Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 мың доллар беріпті.
Тып-тыныш, үндемей емес, жарияға жар салып, мақтанып берген.
Айдын Рахымбаев деген пысықай бар тағы. Ол Украинадағы балалар ауруханаларына сегіз генератор жеткізіп беріпті. Ол да бұл тірлігін жан-жаққа жарнамалап әлек болды.
Шындап келгенде, бұлар адамға жаны ашығанынан емес, атақ пен абырой үшін ғана сөйткен-ау. Өйткені шын жанашыр, шын қайырымды адам болса, бұлар өмір бойы үйсіз, ақшасыз, кедейліктен көз ашпайтын қазақ отбасыларына неге қол ұшын бермейді?
Тағы бір шындық, Украина мен Түркияға қазір онсыз да бүкіл әлем көмектесіп жатыр. Олар қазақ байларына қарап қалған жоқ, олардың көмегінсіз-ақ керегін алатыны белгілі. Өзінің қазағы жоқшылықтан қиналып отырғанда, бұлар далбақтап, ақшасын басқаға шашады екен, ә? Атақ үшін.
Қазіргі қазақ байларының бәріне тән ортақ қасіреті – қазаққа деген қайырымы жоқ. Өйткені өздерінің аты ғана қазақ, заты қазаққа бөтен. Ендеше, біз ұлт болып ұйыспаймыз-ау...