Бозбала Бейсен

Ол қандайеді? Өз тұстастарынан несімен ерекшеленді? Нені көздеді, не нәрсеге құштарболды?
Біз оның бала кезін білмеуіміз мүмкін. Жігіттік шағы жұртқа мәлім.Айтқымыз келгені – бала мұрты тебіндеген кезі еді.
Бозбала Бейсен дедік пе… Боздап қаламыздеп кім ойлаған? Алланың жазуы солай. Құнсыз берді, сұраусыз алды. Көнуімізгетура келеді. Бәріміз де сабырға келеміз. Өйткені Жаратушы талабы сондай. Ақырғырет сөйлескенім еске түсе береді. Соңғы көргенімде өзі де мәңгіге бет алғанынептеп сездірді. Айтпақшы, Гүлмира келіннен қоңырау түскен екен.Естімеппіз. Хабарлама қалдырды. «Ініңіз іздеп жатыр. Сағындым дейді». Сағынғанініден айналасың ғой. Дереу жиналдық та, іздеп бардық. Көргенде көңіл көншіді.Көз жанары жақсы екен. Күліп қарсы алды. Мұңның ізі де жоқ. Емделукезінде дем беру дұрыс. Сөз арасында әлі-ақ оңалып кететінін айтып, сендіругетырыстық. Ақылды ғой, басын изеп күлді. Күлді де, күрсінді. Күрсінгенін жасырдыбізден. Артынша арқаланып, сөйлеп кетті.
– Аға, бәрі бір Алланың қолында. «Жазмыштан озмыш жоқ».Оны жақсы білемін. Ұлы Жаратушының өз қалауы. Еркі жүзеге асады. Біздікі оныңкез келген шешіміне бойұсыну.
– Оның дұрыс, айналайын! Бәрін түсінетін азаматсың ғой.Мұқалма! Күрес! Соңына дейін! Өзгелерді өмір сүруге үгіттеп келдің. Жұртыңныңқұламауын тіледің. Еліңнің еңсе тіктегенін қаладың. Майда-шүйде ауру сендей наржігітке бұйым болып па?! Алла қаласа, аттай жарап, тұрып кетесің, інім менің!
– Оған сөз бар ма?! Сізді сағындым, аға! Сосын, іздедім.Келініңізге айттым, «ағаны шақыр» деп.
– Жер түбінен жетіп келуге дайынмын ғой, сен үшін.
– І-шай дескен жоқпыз ғой, иә, аға?
– Сен менің туған інімсің.
– Білем ғой… Жеңгем қалай? Есіңізде ме? Баяғы шақтарше? Комиссия…
Бейсенкүлді. Күліп еді, жүзі жадырап сала берді. Жазылып кеткен секілді. «Осы бетіоңалып, тұрып кетсе» дедік. Күліп жатқан адамның бәрімізді күңірентіп кетугеқұқы жоқ қой. Өзі де ұмтылды. Жүріп кетуге оқталды. Қарсы алдында отырмыз.Теңселіп кетсе ұстап қалуды ойлап. Өмірі қамшы салдырмаған, демеуді керекетпеген інім қазір де өзі қимылдайтынын қапысыз ұғып тұрдым.
Сол жолы ұзақ сөйлестік. Дәрігер екі келді. Көпмазаламауымызды қалағаны болар. Оған да мән берген жоқпыз. Баяғы шақтан бүгінгікезге шолу жасап, өмірді әңгіме еттік. Көңілді отырды. Болашақты да біргекездік. Дәл сол сәтте оның оңалып кететініне оңай сендік. Өйткені өзгелердіңомалып қалмауына өзі себеп болып еді ғой. Сөзімен жігерлендіріп, қиыннанжол тауып беріп, талайлардың аурудан айығып кетуіне күш салған.
Бейсенжанның мына отырысында да мін жоқ. Жанарытік, көзі өткір. Ауыр дерт еңсесін баса алмаған. Қайта қанатын қомдап, ендіұшуға бет алған қыран келбетінде. Жұмсап жіберсем, талай тауды қопарыпкелетіндей. Сыр да шертілді. Әзіл де айтылды. Пікірталас та болып кетті-аудеймін. Бұл біздің, анығында, қош айтысуымыз еді. Көзден жас аға күлсек те,көкіректе бір мұң қалықтады.
Соңғы көруім екен. Кетер-кеткенше хат жазып,амандық біліп тұрдық. Үзілер шағына дейін үмітіміз үзілген жоқ. Көрпесінлақтырып тастап, қоғам өміріне қайта араласып кететіндей болып тұрды. Диагнозымәлім, бет алысы белгілі болса да, көңілге титтей де күмән түспеді. Неге?Себебі тереңде болатын. Оны әбден тануымыз! Танитындар біледі. Жігерлі жан. Едіғой деуге тіл бұрылмайды. Қалам да. Бейсенжан ешқашан жасымаған! Қиындықтанқорықпайтын, еңсеріп кететін.
Балалық шағын білмейміз. Білеміз, өзі айтқандәрежеде. Әкені аға деп таныды. Әжені шеше деп білді. Ол адалдығына титтей деқылау түспеді. Сол соңғы барғанда сырын айтты. «Апамды кіші ағама тапсырдым,қайта оралсам, қолыма аламын ғой». Тапсырдым дегенде, денем селк ете қалды.Сезім деген де тым жүйрік кейде. Бала кезінен талай сыр шерткен. Бозбала кезінжатқа соғамыз. Өйткені қатар өстік. Біріміз – аға, екіншіміз – іні. Біз ағалықшеңберден аспадық. Ол інім болып, тынысыма айналды. Бозбала шағында күні-түнібірге едік. Бірге ас ішіп, бірге қонып, бірге жұмыс істедік. Бірге тұрдық деседе болатын шығар.
Алғаш көргенім есімде. «Спорт» газетінде едік. Басредактор әрі ұстаз телефон соқты. Бөлімге, бөлмеге. Шақырды, кабинетіне.Бардық. Барсақ, алдында бір бала отыр. Мән бердік, бермедік. Ұстаз әрі басредактор қолыма дәптер ұстатты. «Мынау жігіт «тау қопарамын» дейді. Бәрін біліптұр. Көрші, мә, жазғандарын». Нес-ағам әзілдеп сөйлегенді дұрыс көреді. Кейдешын сөзінің өзін қалжыңға балап алатын кезіміз көп. Баланы ертіп, бөлмегекелдік. Атын айтты, айтпады, анық есте жоқ. Дәптерін қалдырды. Тағы бірдесоғатынын білдік. Ол кетті, біз қалдық. Дәптері қолымызда. Оқыдық, жазуымаржандай екен. Ұқыппен жазылған. Паспорт столы деген болушы еді ғой.Төлқұжатты қолмен толтыратын заманда. Сол бөлімге осындай каллиграфиямен алушыеді. Мына бозбала барса ше, бірден қабылданады.
Екі-үш күнде қайта соқты. Бастыққа барды. Бұйрықшықты. Бейсен, енді Бейсенжанмен бірге кешкен күндер басталды. Бейсенжанатандырған – Сайын аға Тұрсынов. Біз ол кісінің ұғымында Аманжан едік.Ортамызға Бейсенжан қосылды. Ұжым құрамы шағын болғанымен, шетінен ерекшежандар еді. Ол – Сайын аға, ол – Дендер аға, ол – Жүсіп аға. Туған інім әндетіпжүретін: «Сайын аға, Нес-аға!»
Дендераға, Жүс-аға!»
Толықақпарат беріп тұр. Қосымша сөздің керегі шамалы. Анатолий ағамыз тағыбар. Пятибратов. Ағалардың бәрі де бір-бір тұлға. Оларды ешкім қайталайалмайды. Бәріміз Қазақ атадан қосыламыз, бір атаның балаларымыз. Әркімнің өзорны сайланып қойған. Рет-ретімен тұра қалады. Сайын аға тұрып, ешкім төргеозбайды. Әңгімелері қандай! Шуақ төгіліп тұрады. Анатолий аға Анапада.Бейсенжан қайтқалы күн құрғатпай хабарласады. Қазақстанда жүргенде жақсы араласты.«Бұл қалай болды, Аманжан?» – дейді Толя ағам. Не айта аласың, өзіңнің деөзегің өртеніп тұрса.
Бейсенжанжұмысқа белсеніп кірісті. Тау қопаратындай бар екен. Ізденіс үстінде.Құймақұлақ екен. Сосын, не нәрсені де бітеу жұта салмай, талдауға машықтанған.Кез келген ақылды естіп бола бере қорытып алады. Нәтиже шығарады. Сол кездежап-жас қой. Қасымызға ерттік. Ақсақалымыз Сайын аға, бірақ ол кісімен түрлітақырыпта әңгіме айта береміз. Бойы ұзын, кезінде бокспен шұғылданған. Жігіттіңсұлтаны болғаны көрініп тұр. Қалам жинайды. Бәкі жинайды. Бәкі, пышақты қайрауығажап! Өткірдің жүзін сол кісіден көресіз. Оның өзі бір пәлсапа. Қалам,пышақтарының көрмесін өткізеді, әрбіреуінің өз тарихы бар.
Сайын ағабіздің дұрыс қызға үйленгенімізді қалайды. Ақылды да сол төңіректе көбірекайтады. Біздің жанып тұрған кезіміз. Редакция болып фотоға түсеміз. Кейін бірбайқадым. Шамасы, Бейсенжан шығар, реті келеді. Фотосуреттің әрқайсысынамаржандай етіп қысқа мәтін жазып қойыпты. Көбі бізге арналған. «Ақын бала бишіде бола алады». «Енді кімді мұңайттың екен, аға?!» Осылай кете береді. Тікеайта алмайды, бірақ Сайын ағам бастағанда, қосылып отыратыны ниеті менкүлкісінен байқалады. Ол да жеңгелі болуды армандайды. Бір күні айттық.«Бейсенжан! Міне, телефон. Негізі, жеңгенің дұрыс болуы саған көбірек дұрыс.Қабағын шытпай, шәй берсе де. Негізгі үміткер. Телефон соғып, сөйлес. Қорытындыпікірді жалпы жиналыс кезінде айтасың». Тапсырма алған інім «аз уақыттың ішіндежиын өтетін уақытты белгілесіңіз болады» деді. Төраға белгілі. Баяндамашыдайын. Көп созбай, жабық комиссияның ашық жиналысын бастадық.
Баяндамашысөз алды. «Қыз кетәрі емес. Шешім – ағамда. Жеңгеліктен үміткердің сөзіанық, даусы ашық екен. Әдеппен сөйлесті. Фотобаян көрікті екенінен мағұлматбереді. Өз басым жақтап дауыс беремін». Сайын ағам сәл ойланып, «Жүкесі не дерекен?» – деді. Жүс-ағам: «Мен не, тойға барсам болды. Қисыны келіп тұр екен.Мақаншыға баратыным анық», – деді. Комиссия шешіміне қарсы шығамыз ба, солайүйлендік. Бейсенжан күйеу жолдас. Бастапқыда шошып кетті. «Аға, мен ұйымдастыружұмысымен жүгірем ғой, ол қалай болады?» «Ұйымдастыру аясындағы шаруа ол да,Бейсенжан. Мені жақсы білесің, форс-мажорлар алдын алу мақсатында осындай амалтаңдалды. Той сценарийіне толық араласасың. Тактикалық тұрғыда табандылықтанытуыңа тура келеді. Ағаңның ұстанымдарын білесің. Сол тұрғыда да сенің күйеужолдас кастөмін киюіңе тура келеді». Мән-жайды білгеннен кейін, інім өзінежүктелген міндетті толық әрі абыроймен атқарып шықты.
Келесі жылы тұңғышымыз дүниеге келді. 1996 жылғой. Жаңа туған сәбиді ауруханада көп ұстайды. Әрі атын қойып, құжатын толтырып,бір-ақ жібереді. Біздің тығырыққа тірелген – солсәбиге ат қою. Мыңдаған нұсқалар ұсынылды. Хатшы қапысыз жұмыс атқарды. Төрағабекітпейді. Хатшы – Бейсенжан. Төраға – өзіміз. «Ауы келсе, бауы қиыспай»демекші, таңға дейін талқылаймыз. Қисыны келмей қалады. «Ақ жеңешем ашуланыпжатыр», – деп бір келді Бейсенжан аурухана жақтан. Шығатын кезі болыпты. Бірақкуәлік толтырылмаған. Ол түнді де көзбен атырдық. Қолайлы ат жоқ. Топтықкезеңнен өтіп, көмбеге таман келген үш-төрт есім бар, әрине. Соңғы түні Шолпантуы суырылып алға шыққандар. Таң ата ма, түс қайта ма, туыстар бар, інілер бар– ауруханаға келдік. Камерамыз бар, түсіру тобы да сайланған. МикрофонБейсенжанның қолында екен. Бір қарасам, зор ынтамен камераға сөйлеп жатыр.Қазір ойласам, алғашқы стендабы екен. «Бүгін ағам мен ақ жеңешемнің үйіндеүлкен той. Дүниеге ұл келді. Бұйыртса, бүгін Ерасыл інімді...» Сол жерден сөзінүзе қойды да, «Аға, сонымен, қай атқа тоқтадық?» – деді. «Бейсенжан, Аллатағала аузыңа салған шығар, Ерасыл болсын онда, сөзіңді бұзбайық», – деп үнқаттық біз. Стендабын жасап, қуана басып, жеңгесі жатқан бөлменің терезесінеқарай кетті. Шетін мәселенің шешілгенін хабарлауға асығып. Осы бір детальдарданкөрінбей ме, Бейсенжанның бүкіл болмысы, жүрегінің ақ екені, жақсылыққа жақекені. Ағаны сыйлаудың үздік үлгісін көрсетуі! Жеңгені құрметтегені! Негізі,өзге де інілер бар, Бейсенжан бастап, жеңгелерімен мафия. Әңгімелері жарасақалады. Жұбайым Назгүл айтады. «Бейсен бірде былай деді: «Ақ жеңешем, қарапотырсам, еркек әлсіз кезде билікті әйел қолға алады. Күйеуі сырттан болса, оныңмықтылығын мойындап, қапысыз бағынады. Демек, бәрі еркектің өзіне байланыстыекен», – деп. Бейсен көп ізденеді. Аңғарымпаз. Кез келген мәселені жітізерттейді. Сол қырын ұштаумен келеді».
Бозбала Бейсенүздіксіз ізденетін. Кез келген мәдениетті зерттейтін. Қай сала болса да.Тереңдей берді. Табиғат берген қара күші тағы бар. Шығыс жекпе-жектерініңбірнеше түрін жақсы меңгерді. Каратэні көрді. Киокушинкайға барды. Оны кейінАбай ағамның баласы Сәрсен ініме қалдырды. Сәрсен чемпион атанды. Бейсенжаненді айкидомен шұғылданды. Тек қара күшін шыңдаған жоқ. Ерік-жігерін.Ақыл-ойын! Айтып отырады. «Аға, мынау айкидо не деген өнер? Қара күшті тіпті деқажет етпейді. Ақылға құрылған. Не деген мәдениет! Рухты шынықтыруғаарналғандай». Тибет медицинасынзерттеген кезі болды. Біздің үйдің бір баласы секілді дедік қой. ӘпкемНұргүлмен көп әңгімелесетін. Нұргүл де терең білімді. Музыка, философия, тарих,әдебиетті жақсы біледі. Әпкем айтады: «Бейсен жақсы келе жатыр. Өресі қаттыөсті. Өзін қайда дайындап жүр? Ақылды шыңдап келеді. Дене күшін де шынықтырды.Денені ғана емес, нәпсіні де шынықтырып келеді. Бірнеше күн ұйықтамауы мүмкін.Бірнеше күн аш отыра беруі де. Ол қайда дайындалып жүр?» Ол сұрақты тікеқоймасақ та, Бейсенжанға айтам. «Інім! Бір бағытқа дендеп еніп кетпе. Тоқтайтынтұсыңды біл. Дер кезінде тежелу де өренің деңгейіне өлшем. Қазақы қалыптанажырамау керек. Анау ұлыс былай ауқаттанады, мына ұлттың қорегі осындай екендеп, сүттің қадірі мен еттің қуатын ұмытпа». Інім күліп қояды. «Аға, бәрібақылауда. Күмәніңіз болмасын».
Біз теле салағакеткенде ол газетте қалды. Бірақ көбіне үйге, арасында жұмысқа келеді.«Құмсағатты» жасауға көмектесіп жүрді. Түбегейлі ауысайын десе, «Спорттағы»ағаларды қимады. Жұмысты еңсеріп тастап, үйде таң қылаң бергенше әңгімелесеміз.Екі күннің бірінде отырыс. Жуан ортасында Бейсенжан жүреді. Жұрттың бәрімен тілтабысады. Түрлі ойын ойлап табады. Оны ерінбей өткізеді. Жақсы еді, бәрі дежақсы болды. Түн ортасынан ауғанда футбол көреміз. Екі бөлмелі үй. Жігіттерқаз-қатар жатамыз. Чемпиондар кубогы жолындағы жарыс. Әйтпесе әлем біріншілігі.Дүрілдеп тұрған жанкүйерлерміз. Дәулет жиенім айтады: «Бұрын Бейсен бәріміз бірүйдің баласындай едік. «Жақсыда жаттық жоқ» деген сол-ау. Туыс секілді. Ортақәңгіме де көп еді. Елгезек қой. Бірде бәріміз қаз-қатар футбол көрдік.Бірінші матч аяқталды. Ағамыз екіншісін де көреміз деп шешті. Амал жоқ, қараймыз.Қарағанда да, жаныңды жұлып жеп отырып қарауың керек. Әбекең арасында бапкер деболып кетеді. Кез келгенімізді тұрғызып алып, команда тарапынан кеткентактикалық қателікті немесе қателік, әлде артықшылықты тәптіштеп түсіндіреді.Түсініп алуың шарт. Артынша қайта сұрайды ғой. Бейсеннің құлағы түрік. Біліптұрады, әйтеуір. Кейде ұйқы қысады. Қалғып кетеміз. Гол соғылғанда көздіашпастан қарғып тұрамыз. Бейсен сол кезде тіпті комментарий жасап үлгереді.Алғыр ғой».
Алғыр еді. Алар асуы да көп болатын. Амал қанша, амалдәптері оң жағынан берілсін деген тілек қана айтылады енді. Құдіретті Аллатағала бала-шағасына амандық берсін. Туыстарына жақсылық берсін. Жақсы інімежәннаттан орын бере гөр, құдіретті Алла тағалам!
АмангелдіСЕЙІТХАН