Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:32, 10 Мамыр 2023

Боздақтарға тағзым

None
None

Биыл Ұлы Жеңістің 78 жылдығы. Осыған орай облыс орталығындағы Тағзым алаңында салтанатты шара өтті.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жалпыұлттық мерекеге жиналғандарды құттықтады.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық, — деген болатын. Расында, 9 мамыр — қан майданда, тылда патриоттық парыздарына адал болған, кеудесін от пен оққа төсеп, ұрпақ болашағы жолында жанын аямаған, рухы асқақ, қайсар да батыл ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігіне бас иетін күн, — деді аймақ басшысы.

Сұрапыл соғыс жылдарында ерекше ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, гүл қою рәсімі өтті.

Атап айтар бір мәлімет, Ұлы Отан соғысында Сыр елінің 21 азаматы ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды, ал 20 мыңнан астам қызылордалық жауынгерлер орден-медальдармен наградталды.

Бүгінде Жеңіс күні мерекесін аймақта алты Ұлы Отан соғысының ардагері мен 2408 тыл еңбеккері қарсы алып жатыр.

Тегтер: