Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:54, 21 Шілде 2022

БҚО әкімі «Жастар рухы» өкілдерімен жүздесті

None
None

Ақмола облысының Зеренді ауданында Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының VI Съезі өтті.

Батысқазақстандық делегаттар да жиынға қатысты. Жақында БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірден барған делегаттармен кездесті.

Съезде партия жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатын «Жастар рухы» деп өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапты.

Қазір жастар тек қоғамның емес, тұтас елдің қозғаушы күші. Санасы биік, білімі жоғары ұрпақ — еліміздің болашағы. Съезде жастарға ерекше мән беріп, сол жерде Мемлекет басшысының жастарға жолдаған бейнеүндеуі сіздерге деген сенімнің зор екендігін тағы да бір дәлелдейді. Еліміздің жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағыт ретінде терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттерді де атап, ерекше тоқталды. Терең біліммен қатар, адамның рухани құндылықтарын да ұмытпауымыз керек. Сол себептен ендігі кезекте үлкен жұмыс күтіп тұр. Әрдайым жастарға қолдау көрсетуге біз де дайынбыз, — деді Ғали Есқалиев.

Республикалық шараға қатысқан 350 делегаттың ішінде болған облысымыздың делегаттары өңір басшысымен кездесу барысында алған әсерлерімен бөлісіп, ел мүддесі, жастар саясаты тақырыбындағы ұсыныстарын да айтты.

Мектептен тыс жұмыстар орталығының басшысының орынбасары, әрі облыстық мәслихат депутаты Өтебалиева Шаттық, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Тапишев Аслан, Бәйтерек ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Жолдасқалиев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының БҚОФ төрағасы Архат Исламғалиев, қалалық ресурстық орталығының басшысы Жусупкалиев Дулат, қалалық мәслихат депутаты Бижанова Айнаш, облысымыздың белсенді жастарының бірі Кухаев Біржан өңір жастары үшін маңызды, әрі өзекті тақырыптарды көтеріп, бірлесе шешу бағытындағы пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында облыс әкіміне және облыстық партия филиалының атқарушы хатшысына жастардың атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Тегтер: