Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:48, 15 Маусым 2022

БҚО-да алғашқы әлеуметтік үй іске қосылды

None
None

БҚО-да алғаш рет ақыл-ой кемістігі бар адамдарға арналған «Әлеумет» тұрғын үй үйкешеніашылды.

Бұл әлеуметтік үйде өмірге және жұмысқа бейімделгісі келетін жүйке-психикалық ауытқушылыққа ұшырағанадамдар тұрады.Ол мемлекеттік «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылып отыр.

Әлеуметтік үйдің ашылуына БҚО әкімі Ғали Есқалиев қатысып, жобаның мән-маңызына тоқталды. «Біз мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге міндеттіміз. Мұнда тұратын азаматтар қарапайым жеке бас күтіміне, киім үтіктеу, тамақ пісіру секілді күнделікті дағдыларға бейімделмеген. Сондықтан мамандар оларды қоғамға бейімдейді, оқытады, үйретеді. Осы жерден олар өмірге қажетті дағдыларды меңгереді», — деді Ғ.Есқалиев.

Әлеуметтік нысан 20 адамға есептелген. Мұнда 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Орталық 18 жастан асқан адамдарды ғана қабылдайды. Әлеуметтік үй – қазіргі интернаттар мен орталықтарға тиімді балама болып табылады. Бұл жердің басты ерекшелігі – тұратын азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау. Үй ішінде тігін шеберханасы, ағаш шеберханасы, асхана, компьютер сыныбы бар.

Мұндағы тұрғындардың бірі 25 жастағы Әлімжан Құташев. Әлеуметтік үйге Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көшіп келген. Қазір Әлімжан мұғалімдердің және психологтардың көмегімен компьютерде жұмыс істеуді үйреніп жатыр. Болашақта информатика пәнінің мұғалімі болғысы келеді. «Маған мұнда бәрі ұнайды. Мен өзімнің өмірімді түбегейлі өзгертуге шешім қабылдадым», — дейді ол.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында 4207 адам жүйке-психикалық дерттерімен ауырады. Оның 583-і 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Орталыққа тұрғындар тек арнайы құрылған комиссияның шешімімен жіберіледі. Комиссия құрамына психиатр, психолог, әлеуметтік қызметкер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Әлеуметтік үйдің құрылысына жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Жобаға 250 миллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылған.

Тегтер: