Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 06 Қыркүйек 2023

БҚО-да ауылдастарына оқ атқан күдікті ұсталды

None
None

Батыс Қазақстан облысында оқ атып, үш адамды жаралаған күдікті ұсталды.

БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев хабарлағандай, 5 қыркүйек күні Сырым ауданы Аралтөбе ауылында шаруа қожалығының басшысы мас күйінде ауыл тұрғынымен жанжалға келіп, арты төбелеске ұласқан.

Күдікті «Lexus» автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, қарсыласына қарай бірнеше рет оқ атқан. Тұрғынның сол жамбасы мен аяғына оқ тиген. Оған қоса 59 жастағы әйел мен оның екі жасар немересіне де оқ тиіпті. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

«Сол күні адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жедел іздестіру шараларын қолға алды. «Тосқауыл» жедел жоспары енгізіліп, өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берілді.

Соның нәтижесінде күдікті ұсталып, Сырым аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр, олардың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетін болады», — деді А.Оразалиев.

Тегтер: