10:20, 23 Тамыз 2023
БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды
Батыс Қазақстан облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдікті ұстады. Қолда бар ақпарат бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған. 17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандарды жауапқа тартты», — деп хабарлады ҰҚК.
Ведомство биыл жыл басынан бері БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталғанын хабарлады.