Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:12

Бір компания Перизат Қайраттың жарнамасына сеніп 200 млн теңге аударған

Перизат Қайрат
Перизат Қайрат. Фото: Жас Алаш Коллаж

  Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот отырыстары жалғасып жаыр. Кезекті тыңдалымда су тасқыны кезінде “Biz Birgemiz” қорының атымен жиналған қайырымдылық қаражаттарына байланысты эпизод қаралған.

«Халық үшін алаңдайтындай көрінді»

Сотта жәбірленуші тарап – 200 миллион теңге аударған компанияның өкілі Ғалия Исаева куәлік берді. Оның айтуынша, компания аталған соманы Перизат Кайраттың әлеуметтік желілердегі белсенді жарнамасына сеніп аударған.

"Президенттің су тасқынына байланысты үндеуінен кейін бізде шынайы жанашырлық оянды. Жетекшіміз зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ақша аударуға шешім қабылдады. Перизаттың интернеттегі жарнамасы, ‘Biz Birgemiz’ қорының атынан жарияланған жазбалар, тіпті халықтан банктік несиелерді тоқтата тұруды сұраған үндеуі де бізді сендірді. Ол шын мәнінде халық үшін уайымдап тұрғандай көрінді", – деді Исаева.

Ол 10 мамыр күні компания есепшотынан 200 миллион теңге “Biz Birgemiz” қорына аударылғанын атап өтті. Алайда уақыт өте келе бұл қордың заңды мәртебесі мен қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты күмәндар туындаған.

Айыптау тарабының мәліметінше, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы және 2-бөлігі 1-тармағы (заңсыз кірістерді заңдастыру) бойынша айыпталып отыр. Жалпы келтірілген залал сомасы – 3,5 миллиард теңге.

“Biz Birgemiz” қоры 2021 жылы құрылған. Істі қарау бойынша негізгі сот отырысы 14 шілдеде басталған. Бұл іс бойынша тергеу мен сот процесі әлі жалғасып жатыр. Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамады.