Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:17

“Бір реттік неке” дауы: Мешітте қызға тиіскен ер адам қамауға алынды

Мешіт
Фото: БАҚ

Ақтөбе қаласындағы мешітте бойжеткенге тиіскен ер адам сот шешімімен қамауға алынды. 

Жәбірленуші әлеуметтік желіде өзіне қысым көрсеткендерге де сот арқылы жауап беретінін мәлімдеді.

23 жастағы Эммануэлла Наурызбаева мәлімдегендей, “Нұр-Ғасыр” мешітінде орын алған жыныстық қысым ісі бойынша сот отырысы 29 шілдеде өткен. Сот айыпталушыны бес тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған. Қыздың айтуынша, ер адамның бұрын бұзақылық үшін сотталғаны, сондай-ақ 2025 жылдың қаңтарында тағы бір адамға мешітте тиіскені анықталған.

— Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Егер психикалық ауытқуы расталса, ер адамды мәжбүрлі емдеуге жібереді. Ал егер диагноз жалған болып шықса, медициналық құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалады, - деді Эммануэлла әлеуметтік желідегі жазбасында.

Ол, сонымен қатар өзін көпшілік алдында қорлаған, кінәлаған, видеоға түсіріп, жалған ақпарат таратқан адамдарды сотқа беретінін айтты. «Мен үндемей қалмаймын» деп жазды ол.

— Мен ашық айтып отырмын, себебі осындай жағдайлардан әйелдер мен балаларды қорғағым келеді. Интернет бәрін есте сақтайды. Жауап бересіздер. Сотта кездесеміз, - деді Наурызбаева.

Тегтер: