Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:31

Бразилияда билік пен есірткі картелі арасындағы қақтығыстан 64 адам қаза тапты

Бразилия
Фото: ашық дереккөз

Рио-де-Жанейрода билік пен наркокартельдер арасындағы қанды қақтығыс салдарынан бір сағаттың ішінде кемінде 64 адам мерт болды.

Қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар. 80-нен астам адам ұсталған.

Қаланың тыныштығы бұзылып, қылмыстық топтар FPV-дрондарды пайдаланып, қаладан шығатын жолдарды бөгеп тастаған. Көптеген даңғыл мен көшелер баррикадалармен және ұрланған автобустармен жабылған.

Рионың есірткі айналымының шамамен 70%-ын бақылап отырған қылмыстық топтар ауқымды полиция операциясына жауап ретінде өз бетінше «локдаун» жариялаған. Қаланың солтүстігінде атыс әлі де жалғасып, көліктер өртеніп жатыр, ал тұрғындар үйлерінен шығуға қорқып отыр. Билік операцияға 2,5 мың сарбазды тартқанымен, президент Лула да Силва әскери күш қолданудан бас тартты.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайдың ушығуына сыртқы күштердің, соның ішінде АҚШ-тың ықпалы болуы мүмкін.

Тегтер: