Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:05, 31 Қазан 2023

"Біреуінің жағдайы ауыр". Апатта зардап шеккен кеншілер туралы тың мәлімет шықты

караганда взрыв
Фото: inkaraganda.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа Костенко шахтасындағы апаттан аман шыққан кеншілердің денсаулығы туралы мәлімет берді.

Әкімнің айтуынша медициналық мекемелерде 27 кенші жатыр.

«Біреуінің жағдайы ауыр, 24-і орташа және екеуі бірқалыпты. Барлық пациенттер қажетті медициналық көмек алып, емдеуден өтіп жатыр. Қаза тапқан әрбір кеншінің отбасына меморгандардың басшылары мен депутаттар бекітілді», - деді облыс әкімі.

Әкім қаза тапқан кеншілердің кейбірі отбасындағы жалғыз асыраушы болғанын атап өтті.

«Көпбалалы отбасылар, сондай-ақ, жалғыз асыраушысы және кәмелетке толмаған баласы бар отбасылар анықталды. Қаза тапқандардың ипотека және басқа да несиелері мен тұрғын үй жағдайы туралы ақпарат жиналды. Қаза тапқандардың отбасына мемлекет тарапынан материалдық көмектің барлық түрі түсіндіріліп жатыр. «АрселорМиттал Теміртау» жерлеу шығынын ұйымдастыру және төлеу бойынша міндеттемесін орындап жатыр. Компанияның қалған міндеттемелері кезең-кезеңімен орындалады. Оны облыс әкімдігі бақылауда ұстайды. Зардап шеккендер және олардың отбасына қажетті көмек дереу көрсетіліп жатыр», - дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Айта кетейік, сенбі, 28 қазан күні Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада метан газы жарылды. Қаза болған кеншілерге байланысты 29 қазан Қазақстанда жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бүгін 46-кеншінің денесі табылды.