Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:41

Бірқатар банк шетелдік 7 трлн теңгені сыртқа шығаруға қатысы барын жоққа шығарды

банк
Фото: tafsilar.info

Бірқатар қазақстандық банк Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын айтқан, көршілес елден 7 трлн теңгенің шетелге шығарылуына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы KazTAG хабарлады.

Мысалы, «бұл біздің банк емес», деп мәлімдеді Отбасы банк баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Халық банк, Алтын банк, Хоум Кредит банк және Еуразиялық банк те Тоқаев атап өткен күмәнді операцияларға қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Қазақстандағы банктердің бірі толыққанды түсініктеме дайындау үшін уақыт сұраса, өзге бірқатар банк редакциядан ресми сұрау салуды электронды пошта арқылы жолдауды өтінді.

Осы жағдай аясында Банк ЦентрКредит (БЦК) қойған талаптар назар аудартты. Аталған банк редакция жолдаған сұрауға жауап беру үшін автордың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен тұрғылықты мекенжайын талап еткен.

«Жазбаша жауап алу үшін банк поштасына PDF форматында “АО Банк ЦентрКредит” атына жазылған өтініштің сканын жолдауыңыз қажет. Өтініште толық аты-жөніңіз, ЖСН, байланыс телефоны, толық тұрғылықты мекенжайыңыз, қолыңыз бен күні көрсетілуі тиіс», - деп жауап берген БЦК өкілдері.

Айта кетейік, мұндай талапты қойған жалғыз банк — Банк ЦентрКредит болды.

Еске салсақ, 28 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство төрағасы Жанат Элимановтың бір қазақстандық банк арқылы 2025 жылы көршілес елден 7 трлн теңгеден астам қаражаттың басқа мемлекеттерге шығарылғаны туралы баяндағанын айтқан еді. Осыған байланысты Президент ҚМА-ға, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке нақты тапсырмалар берген.