Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 16 Ақпан 2025

Бірнеше ресейлік олигарх санкциялардан құтылып кетті

Михаил Фридман мен Петр Авен Михаил
Михаил Фридман мен Петр Авен Михаил / Фото: Метцель / ТАСС

Олар санкцияларды сот арқылы алып тастауға қол жеткізді. Екі арыздың бірін сот қанағаттандырған.

Бірнеше ресейлік миллиардер санкциялардан айналып өтудің жолые тапқан. Шектеуден құтылғандар Ресеймен барлық байланысын үзіп, тұрғылықты жерін ауыстырып, Ресейде бизнес жүргізбейтінін дәлелдеген.

RTVI басылымының хабарлауынша, миллиардер Дмитрий Пумпянский әйелі Галина мен ұлы Александрмен бірге санкциялардан босатылған. Никита Мазепин Uralchem ​​компаниясына иелік ететін әкесі Дмитрий Мазепиннің бизнесіне ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдеген.

Бірнеше кәсіпкерлер сот арқылы өздеріне салынған санкцияларды алып тастай алған:

- Дмитрий Конов - "Сибур Холдингтің"  бұрынғы басшысы;

- Владимир Рашевский - Eurochem компаниясының бұрынғы басшысы;

- Сергей Мндоянц - AFC Sistema компаниясының бұрынғы топ-менеджері;

- Александр Шульгин - "Озон" компаниясының бұрынғы басшысы;

Сонымен қатар, ресейлік бизнесмендердің кейбір туыстары да санкциядан айналып өткен:

- Павел Езубов - санкцияға ұшыраған Олег Дерипасканың немере ағасы;

- Майя Токарева санкцияға ұшыраған "Транснефть" басшысының қызы;

- Виолетта Пригожина - Вагнер ПМК негізін қалаушы, марқұм Евгений Пригожиннің анасы.

Сонымен қатар, 2023 жылы 2014 жылдан бері Израильде тұрып жатқан және соғысқа қарсы ашық мәлімдемелер жасаған Яндекстің бұрынғы басшысы Аркадий Волож санкция тізімінен шығарылды.

Бұдан бөлек, ESN тобы мен РБК медиахолдингінің иесі Григорий Березкинге, Northgaz компаниясының бұрынғы иесі Фарход Ахмедовке және миллиардер Әлішер Усмановтың әпкесі Саодат Нарзиеваға қатысты шектеулер алынып тасталды. Усманов пен оның басқа әпкесі Гүлбахор Исмаиловаға қарсы санкциялар күшінде.

Канаданың да кейбір ресейліктерге қарсы санкцияларды алып тастағаны атап өтілді. Осылайша, Сбербанк төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Лев Хасис пен бұрынғы үш топ-менеджер: Наталья Алимова, Александра Бурико және Сергей Мальцев те санкциялардан босатылды.