Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:52

Бірінші кредиттік бюро Руслан Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Омаров
Фото: БАҚ

Бірінші кредиттік бюро (БКБ) Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен (ЕРДО) әріптестік орнатқанын растады. 

Алайда бұл әріптестік қорғалған, заңды және легитимді деп мәлімдеді. 2025 жылғы 3 шілдеде БКБ басшысы Руслан Омаровтың ұсталғаны белгілі болды. Оған ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін ілгерілету үшін ірі көлемде пара беруге әрекеттенді деген күдік келтірілген. Омаров $75 мың АҚШ долларын беру кезінде ұсталған.

Пара беру кезінде компаниялардың топ-менеджерлері ұсталды. Атап айтсақ:

– Руслан Омаров – «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС бас директоры;

– Ақмәди Сарбасов – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болған;

– Дәулет Арғандықов – бұрын «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.

БКБ мәліметінше, бюро шынында да ЕРДО-мен жұмыс істейді және олардан кредиттік тарихты толықтыру үшін ақпарат алады. Бұл әріптестік тек заң аясында жүргізіледі және жеке деректерді қорғау талаптарына толық сәйкес келеді. БКБ бұл тәжірибе ерекше емесін, ЕРДО-ның Мемлекеттік кредиттік бюромен де ұқсас келісімдері бар екенін атап өтті.

«Мемлекеттік дереккөздерден қосымша ақпарат алу арқылы кредиттік тарихты байыту тәжірибесі нарықта бұрыннан қолданылады және бұл жаңалық емес. Бұл әдіс қарыз алушының төлем қабілетін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді, өз кезегінде несие берушіге тәуекелді азайтып, неғұрлым негізделген шешім қабылдауға жол ашады», - делінген БКБ хабарламасында.

Олардың айтуынша, қазіргі таңда Омаровқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге ресми ақпарат жоқ.

Тінту кезінде олардың үйлерінен $370 мың АҚШ доллары мен 4,5 млн теңге табылды.

Үшеуі де екі айға қамауға алынды.

Тегтер: