Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 27 Желтоқсан 2022

Брокерлік платформалар: қаражатты қалай үнемдеуге және көбейтуге болады

None
None

Инвестициялар, пассивті табыс, қаржылық еркіндік – бұл терминдер қазіргі әлемнің ажырамас төлсипатына айналды.

Ештеңе істемей-ақ ақша табу – көптеген арманы, сондықтан елде іске қаржы салуға (инвестицияға) деген қызығушылық өте тез өсіп келеді. Іске жаңадан келгендерқазақстандықтардың неден бастауы керек? Оның оңай жолы – брокерлік платформада тіркелу немесе банктік қосымшасында брокерлік шот ашу. 

Іске қаржы құюды бастау үшін миллионер немесе экономика маманы болудың қажеті жоқ. Сіз кез келген қаражатты, уақыт өте келе өзін ақтап қана қоймай, сонымен қатар жоғары пайда әкелетін белгілі бір немесе басқа бір жобаға салуыңызға болады.

Дегенмен, инвестициялау үшін істі мұқият таңдау және барлық тәуекелдерді объективті түрде бағалау маңызды. Жаңадан бастағандардың ең үлкен қателігі – қолындағы барлығын бірден бір қаржы құралына құя салу. Инвестицияларды бөліңіз және жоғалтудан қорықпайтын соманы ғана жұмсаңыз. Сонымен қатар, өзіңіз қаржы салатын іспен мұқият танысуыңыз керек, өйткені сіз соған неғұрлым жақсы дайындалсаңыз, табысқа жету мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады.

«Егер сіз пассивті табысқа кенелгіңіз келсе, онда қарыздарыңыздың бақылауда екеніне, қолайсыз «қара күндерге» бөлінген ақшаңыздың бар екеніне және ұзақ мерзімді мақсаттарға қаржыңыздың үнемделгеніне көз жеткізіңіз. Осы үш шарт сақталғанда ғана сізге инвестициялауды бастауыңызға болады. Инвестициялау кезінде ақша жоғалту қаупі әрқашанда  бар екенін есте сақтаңыз», дейді Financer.com несие және жеке қаржы бойынша сарапшысы Евгения НИКОЛАЕВСКАЯ.

Инвестициялаудың кең әлеміндегі таптырмас көмекшілер – онлайн брокерлік платформалар мен өзіңіз тікелей, делдалдарсыз операциялар жасай алатын қосымшалар. Оған тіркелу үшін кәмелеттік жасқа толғандығыңыз және банкте шотыңыздың болуы жеткілікті.

Мұндай платформалардың сөзсіз артықшылықтары шағын сомалармен инвестициялауды бастау мүмкіндігі болып табылады – ондайға көбінесе 20 доллар жеткілікті, сонымен қатар  инвестициялаудың алдында мамандандырылған оқу курсынан өту керек. Кейде ақшаны жоғалтпау үшін инвестициялық платформаларда құйылған қаржыңызды сақтандыруға болады.

Минустарына келетін болсақ, олардың негізгілерінің бірі – салықтық реттеудің сәйкессіздігі. Көп жағдайларда платформалар халықаралық болып табылады және Қазақстанда олардан түсетін пайдадан міндетті түрде салық төлеу керек.

Тағы бір минус – операциялардың валютасы. Негізінен бұл – доллар, еуро, кейде рубль және өте сирек те болса теңге. Әрине, ақша жүрген жерде, алаяқтарға тап болу қаупі де жоғары. Сіз өзіңіз байланысып жүрген компанияның лицензиясы және сенімді байланыс деректері бар екеніне көз жеткізіңіз.

Сіз сенім арта алатын инвесторларға арналған платформалар, Қазақстандағы қолжетімді ең жақсы брокерлік қосымшалар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы толық ақпарат Financer.com тегін сервисінде жинақталған. Сайтта инвестициялық платформалардың үш түрі ұсынылады: P2P жылжымайтын мүлікке инвестициялар, несиелерге, қор нарығына және криптоға. Компанияларды жалпы рейтингі, инвестиция түрлері, комиссиялық және депозиттік сомалары, қосымшаларының болуы бойынша сұрыптау мүмкіндігі бар. Ал «Пікірлер» бөлімінде сіз өз пікіріңізбен бөлісе аласыз және белгілі бір немесе басқа да  компаниямен өзара әрекеттесудің нақты тәжірибесін қамтитын басқа пайдаланушылардың пікірлерін оқи аласыз. Ал интерактивті бөлімінде – өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды мамандарға  қоя аласыз.

Тегтер: