Біртанов Денсаулық сақтау министрлігіне қарызын қашан өтейді?

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігіне 1,3 миллиард теңгеден астам қаржыны қайтаруы тиіс. Шығынды өтеу процедурасы қалай жүріп жатыр, бұл туралы Zhasalash.kz хабарлайды.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, Астананың Есіл ауданының әділет қызметкерлері борышты өндіріп алумен айналысады. Олар Біртанов пен Әбішевтің жұмысқа орналасқанын анықтады, сондықтан ай сайын жалақының және олардың басқа да кірістерінің бір бөлігі ұсталып, берешекті өтеу есебінен өндіріп алынады.
«Елжан Біртанов бірден бірнеше үкіметтік емес ұйымда жұмыс істейді. Бүгінгі күні одан 945 мың теңге ұсталды, ай сайынғы ұсталатын қаражат 100 мың теңгеден асады.
Олжас Әбішев те үкіметтік емес ұйымға жұмысқа орналасқан. Бүгінгі күні одан 258 600 мың теңге ұсталды. Ай сайынғы шегерім 43 100 теңгені құрайды», - деп атап өтті елордалық басқармадағылар.
Сондай-ақ Біртанов пен Әбішевтің нотариаттық қызметі бойынша қамауға алынғаны атап өтілді. Сонымен қатар оларға елден тыс сапарға шығуға тыйым салынады. Олардың банктік есепшоттары мен мүлкі тәркіленді. Алайда ведомство қандай мүлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат беруден бас тартты.
Ал Денсаулық сақтау министрлігіне қарызға келетін болсақ, әрқайсысына 675 миллион теңгеден түседі. Егер осыншама сома олардың жалақысынан ұсталса, Біртановқа тағы алты мыңнан 740 ай, яғни 561 жыл, ал Әбішевке 15 мыңнан 655 ай, яғни 1304 жыл керек болады.