Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Бішкекте 8 жасөспірім бірінен соң бірі жоғалып кетті

1
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында сегіз кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені тіркелді.

 Олардың кейбірі «Ак-Ниет» орталығынан, енді біреулері үйінен немесе мектептен шығып, қайта оралмаған.

Кейбірін соңғы рет №72 мектеп маңынан және «Джал» тұрғын алабынан көргендер болған.

Желідегі ақпарат бойынша, бұл хабар-ошарсыз кетудің соңы қылмыстық іспен байланысты болуы мүмкін. Бірақ ресми жауап берілмеді. Тергеу және іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: