Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 13 Қазан 2023

Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр

ТМД
Фото: из открытых источников

13 қазанда Бішкекте Тәуелсіз мемлекеттер достағы (ТМД) елдері мемлекет басшыларының саммиті басталды. 

Отырысты Қырғызстан ұлттық телерадиокорпорациясы тікелей эфирде көрсетті.

Бішкектегі «Ала-Арча» резиденциясына ТМД елдері басшыларының шағын құрамы жиналды. Саммитке Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Түркіменстан басшысы Сердар Бердымұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев қатысып жатыр.

Биыл ТМД елдері президенттерінің саммитіне Қырғызстан төрағалық етеді. Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл отырысқа келуден бас тартты. Молдова жыл басынан бері бұл ұйымнан шығуға талпынып жатыр, сол себепті бұл елдің өкілдері де саммитке келмейді.

4 қазанда Қырғызстан президенті әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінінің меңгерушісі Мұратбек Азымбәкиев ТМД саммитетінде ұйым елдерінің әріптестігін нығайтуға, экономика және мәдени-гуманитарлық салаларға қатысты шешімдер қабылданатынын айтқан.

ТМҚ құрамына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан кіреді.

Тегтер: