Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:14, 20 Ақпан 2023

Бүгін бизнеске берілетін гранттарға өтінімдерді қабылдаудың алғашқы легі басталды

None
None

Бүгін бизнеске берілетін гранттарға өтінімдерді қабылдаудың алғашқы легі басталды.

Ұлттық жоба аясында биыл 9 мың грант бөлініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бағытта 31 млрд қаржы қарастырылған. Кәсіп ашам немесе кеңейтем деген адамға мемлекет 1 млн 380 мың теңгеге дейін береді. Бірақ бұған тек әлеуметтік осал топтағы азаматтар ғана қатыса алады. Сондай-ақ шартқа сәйкес үміткер «Бизнес бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс. Өтінімдер business.enbek.kz порталы арқылы онлайн түрде қабылданады.

Ол 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында жалғасады. Гранттар тек бизнес жоспарда көрсетілген мақсаттарға жұмсалуы тиіс. Ол қатаң бақыланады.

Жадыра Оразбаева, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:

— Грант алған адамдар біздің ереже, қағидаларға 3 айдың ішінде жеке кәсіпкерлігін рәсімдеу керек. Ол міндетті түрде болады. Егер де ол ашылмаған жағдайда, жұмыспен қамту орталығы сотқа арыз беріп, өндіріп алуға құқылы және 12 ай ішінде осы бизнесті іске асуын растайтын құжаттарды енгізу керек.

Тегтер: