Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:57, 18 Шілде 2022

Бүгін еліміз бойынша қатты ыстық болады

None
None

Синоптиктер 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР солтүстік жартысында ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады», — делінген хабарламада.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады

Тегтер: