Бүгін Мәдина Ерәлиеваның туған күні

Бүгін көзі тіріболғанда Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі Мәдина ЕРӘЛИЕВА мерейлі 65 жасқатолар еді.
«Бүгін марқұм Мәдина Ерәлиеваныңтуған күні. Бірге еске алайық. Топырағы торқа болсын! Қайталанбас дара тұлғаеді», — деп жазды Қазақстанның халық әртісі Мақпал ЖҮНІСОВА instagram.comәлеуметтік желісіндегі парақшасында.
«Қазақтың Ақбаяны Мәдина Ералиеваның бүгін туған күні. Назды үніменқазақтың жүрегінен ойып орын алған жан еді. Қазақтың Мәдинасын сағынғанболарсыздар. Ұрпағы мың жасасын. Өнері өлмесі анық», — деп актрисаҚарагөз СҮЛЕЙМЕНОВА да инстапарақшасында белгілі әншіні еске алды.
Мәдина ЕСМАЛАЙҚЫЗЫ 2 тамыз күні 1954 жылы Қызылорда облысы, Қазалыауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылордадағы Мәншүк МӘМЕТОВА атындағы педагокикалықучилищесінің музыка бөлімін бітірген. 1978 жылы Қазақстан мемлекеттік қыздарпедагогикалық институтының музыка факультетінде білім жетілдірген. МәдинаЕрәлиеваның орындауындағы «Ақбаян», «Сағым жылдар», «Кіресің жиі түсіме» аттыәндер халықтың зор ықласына бөленген.
2000 жылы әнші 46 жасында қапияда автокөлік апатынан көз жұмды. ҚызылордадаМәдина Ерәлиеваның атында мәдениет үйі мен музей бар. Алматы қаласында атынакөше берілген.
Фото: last.fm