Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:41, 14 Қараша 2022

Бүгін Қазақстанның басым аумағында қатты жел соғып, жауын-шашын болады

None
None

Синоптиктер 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

«Қазақстанның басым аумағында атлантикалық циклон ықпалы сақталатындықтан, елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде өте қатты жел соғып, жылдамдығы 30 м/с және одан да қатты болуы мүмкін. ҚР бойынша тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Түркістан таулы аудандарында, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыс соғатын жел күшейіп, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан да қатты болуы мүмкін.

Ұлытау, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Астанада қар жауып, жел жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 0, +2, түнде -1-3 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде 0-2 градус болады.

Шымкентте жаңбыр жауады, жел 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы үндіз +7+9, түнде -1+1 градус болады.

Тегтер: