Бүгінгі «Жас Алашта»: АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ КІМГЕ АҚЫЛ АЙТЫП ЖҮР?

20.09.2018, 01:31

81

«Жас Алаштың» 74-санына шыққан кей мақалаларынан үзіндіБітпейтін кеңесАҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ КІМГЕ АҚЫЛ АЙТЫП ЖҮР? «Үш жыл қой баққаннан ақыл сұрама» деуші еді, үш жыл ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып, қой емес, ой бағып, осы саланың ыстық-суығына күйген Ақылбек Қажығұлұлы бұл мәселені жақсы білетіні айдан анық. Дегенмен «Жау кеткеннен кейін қылышыңды боққа шап» деген, бұл жұмыстар өзінің министр кезінде атқарылды ма?ҚұқықҚАЗАҚСТАНДА БИЛІК КОНСТИТУЦИЯДАН ЖОҒАРЫ ТҰРАДЫ Қалалық ішкі саясат бөлімінен неліктен, не себепті Әлібек Ерғазиевқа үш ай бойы бір кісілік митингі өткізуге рұқсат берілмегенін біліп, ол сұраған жерлерде тап сол уақытта өткен іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат алғымыз келген. Бастық жиналыста. Бөлімдегілердің бастықтан бұрын сөйлеуге басы екеу емес екені көрініп тұр. Асылы, таңғалатын түгі жоқ. Бұл – Қазақстандағы бюрократия, әкімшіліктердің БАҚ-тан қашудағы әбден жауыр болып, тапталған әдістерінің біріМасқара!ҚАМАУДАҒЫ ЖӘКІШЕВТІ АНАСЫНЫҢ ЖАНАЗАСЫНА ЖІБЕРМЕДІҚұқық қорғаушы, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бюроның бас директоры Евгений Жовтис «қылмыстық атқару жүйесі комитеті адамдыққа салса, Жәкішевті жаназаға жіберер еді» дейдіБілімБІЛІМ САЛАСЫ ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім бағдарламаларын жаңартылған бағдарлама бойынша оқытатын білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне жалақы төлеу және оның шығындарын өтеуге жергілікті бюджеттен 55,4 млрд теңге қарастырылған. Қазақстанды тұтас жаулаған сыбайлас жемқорлық жағдайында жергілікті бюджеттің дұрыс орындалуы, тиісті қаржының дұрыс бөлінуі де күмән тудыратыны өтірік емес.Тұлға «БАШКА ЧАБЫЛГАН СКРИПКА» БАЯНЫАйткеш Толғанбаев – Қазақстанның кәсіби скрипка мектебінің негізін қалаушылардың бірі.  Қандай музыкант болсын мұндай атаққа жету үлкен мәртебе емес пе?! Бірақ А.Толғанбаевтың тағдырын білген соң, тірі жан ең үлкен азапты адам баласынан бөлек, идеологияшыл саясаттан көретінін ұғасыз.«Қазақ пен қала» байқауында Мадина Омарованың «МЕНІҢ ҚАҺАРМАН ШӨБЕРЕМ» әңгімесіКүнделік. Тұрсын Жұртбай:  ҰЙЫТҚЫ ОЙЛАРМіне, «кеселді кесірткенің кеселді құйрығын кесу» туралы қазақы дәстүр қайдан шыққан. Пайғамбар –  өлтіруге, қазақтар – құйрығын  кесуге үкім еткен. Зады, иен құмның ішінде көзге ілінбейтін жәндікті «көзайым»  жасап жүргісі келді ме екен. Оған моңғолдың құбы шөлін кезген кезде екінші күні «көзге түскен кесірткені», «Ух, бір тіршілік белгісін көрдік қой», – деп үлкен-кішіміз жабыла қуғанымыз есімдеСпортӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ БАПКЕРІ: ҚАНАТ ЖАҚСЫБАЕВ    Есіркеп ағасына еліктеп бокс қолғабын киген Қанаттың бапкерлік қызметтегі абыройын көтерген екі шәкіртін мұқым қазақ біледі: Аркадий Топаев пен Нұрлан Қалыбаев. Екеуі де кезінде Совет Одағының ұлттық құрамасына енді. Екеуі де Алаш жұртына танымал былғары қолғап шеберлері.Кәсіпқой боксАЛЬВАРЕСТІҢ ЕНДІГІ КӨЗДЕГЕНІ – ЛЕМЬЕ    Невада атлетикалық комиссиясы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Big drama show қатысушылары Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альваресті бокстан уақытша шеттетті. Осы жекпе-жекте Головкиннің – оң қабағы, ал Альварестің сол қабағы жарылды. Басқа да аздаған жарақаттары жоқ емес. Енді олар қалпына келгенше біраз уақыт керек. Сондықтан комиссия Головкиннің – қазан айының соңына дейін, «Канелоның» қараша айының ортасына дейін шаршы алаңға шығуына шек қойып отыр. Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:Сілтемені zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 14:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 09:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 07:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 11:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 12:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 06:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51