Бүгінгі «ЖАС АЛАШТА»:  «Назарбаев өзі де білмейді»

04.10.2018, 16:45

171

«Жас Алаштың» 77-санына шыққан кей мақалаларынан үзінді «Қандай ұлт болмағын қазақ өзі шешеді»Вашингтон университетінің Орталық Азияны зерттеу бөлімінің басшысы Марлен Ларуэль «Жас Алаш» газетіне сұхбат беріп, Қазақстанның Ресей, Қытай, және АҚШ-пен қарым-қатынасы, қазақ ұлтшылдығы, мемлекеттік тілдің болашығы, билік транзиті жайында пікірін білдірді. Сырттағы сарапшының сыны сүйекке батады, алайда, айтқан сөзімен келіспеу қиын. Мәселен, «Егер Қазақстандағы адам капиталы қытай инвестициясының арқасында өркендемесе, онда одан не пайда? Экономика саласы бірігіп жатқанда адам капиталын дамыту қажет қой. Ал әзірге Қытай Қазақстандағы адам капиталын дамытуға ештеңе ұсынып жатқан жоқ. Жаңа технология енгізбейді. Қазақстан инвестор Қытайға таудай талаптар қоя білуі тиіс. Қазақстанға келген Қытай ақшасы мен несиесінің түк пайдасы жоқ. Қазақстан Қытайдан адам миына пайдалы, санасына сәуле салатын, білімін арттыратын капитал талап етуі керек» дейді қазақ және орыс ұлтшылдығы туралы бірнеше кітап жазып тастаған Марлен ханым. Айтпақшы, автордың орыс ұлтшылдығы туралы кітабын басып шығаруға және таратуға Ресейде тиым салынған.Жаңаөзен жарасы жазылар емес   Қайрат Досмағамбетовтің басындағы жағдай Жаңаөзен оқиғасынан зардап шеккендерге ерекше құқықтық-әлеуметтік мәртебе берілу керектігін айғақтайды. Сәуір айында Жаңаөзен қырғынында оқ тиіп жараланған мұнайшылар  – Нұрлыбек Нұрғалиев, Руслан Кенжебеков пен Қайрат Досмағамбетовтің өзі Астанаға барып, президент әкімшілігіне ондаған жаңаөзендік қол қойған ашық хатты тапсырған болатын. Ол хатта жаңаөзендіктер өздеріне ерекше құқықтық мәртебе берілуін және жұмыспен қамтуды сұраған. Бұл қақтығыста зардап шеккендерге тұрақты әлеуметтік көмек алуға жол ашар еді. Сиқыршылар еліБірер күннен соң әлемнің ең мықты сиқыршылары Алматыға келеді екен. Жарнамасы жарып тұр. Аузың ашылып, көзің жұмылатын небір сиқырларды көрсететін көрінеді. Оқып отырып ойға қалдым. Дүниені шарлап жүрген сиқыршылардан біздің сиқыршылар бір кем түспейді. Күйші Құрманғазы Сағырбайұлын 1823 жылы емес, 1818 жылы тудырып, 200 жылдығын тойлатып жатқан мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының сиқыры ешкімнің қолынан келе қоймас. Тарихи тұлғаны қайта тудырып, дүниеге келген жылын өзгертіп жіберуі үшін аса талантты сиқыршы болу аз, «тума талант» керек шығар. Елдегі өзге сиқыршылармен салыстырғанда мәдениет және спорт сиқыршысының, ой, кешіріңіз, міністірі шеберлігін әлі де шыңдай түсуі керек-ау деп қаласыз. Әмина Құрманғалиқызы, сыншы: Бөтен сөзбен былғанса...Қарайық: «Бір келіншек» өлеңінде «Келгенде жиырма беске қыз еріншек» деген жол бар. Осындағы «қыз еріншекті»  «қыз келіншек» деп өзгертіп алған. Сонда қалай, зәу-сайтан 25-ке келсе болды, қыз біткен өз-өзінен автоматты түрде келіншекке айнала сала ма?     Ал «25-ке келгенде қыз еріншек» дейтіні – дәл 17 жастағыдай күйіп-жанып, елпілдеп тұрмай, сезімге де, серуенге де сабырмен қарап, санап басып, шау тарта бастайды емес пе?!«Сен келгенде Ақжайнақ,Шәйі орамал боз байлап», – деп әндетеді Қарақат. Дұрысы – бос байлап. Ертеде сері-сылқым қыз-келіншектерге орамалды бос сала салу сәні болған.КүнделікТұрсын Жұртбай: Сол құспен бірге менің де жүрегім тілгіленіп кететін сияқты.Ғайыптың құсы туралы рауаятты бала кезімнен естіп едім. Кейін ұлым Алмас суға кеткенде «Ғайыптың құсы» атты рауаяттық әпсана жазғым келді. Өйткені шейіт кеткен сәбилер әке-шешесінің терезесінің алдында қонақтап, ұшып келіп, ұшып кетіп жүреді екен-мыс. Алмастың да көгершін – ғайыптың құсы боп терезенің алдында қонақтап отырғандай көрініп, әйнектен түскен күн сәулесінің жылуына алақанымды тосып, мұңайып ұзақ тұрып қалушы ем. Сөйтсем, ол да Ибраһим туралы өлілерді құс боп тірілткені жайлы рауаяттан мысал ретінде келтіріліпті. Мысалын келтірмеймін. Өйткені сол құспен бірге менің де жүрегім тілгіленіп кететін сияқты.ПоэзияБолат ШАРАХЫМБАЙ: Жеті түнде жұлмалаймын жанымдыЖҮРЕККЕ ЖҮГІНУБір жапырақ сүлдір ет,Сіңірі қалған күлдіреп,Үрпісі кеткен үлбіреп,Ақбөкен жүрек күмбір ет!Саңғырлағым сыңғыр ет,Қаңғырлағым жыр түлет,Көз жасымды сіркірет,Бұрқырасын бұл жүрек.Танымай кеткен тағдырын,Таныр ма екен, кім білед...СпортӘлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Алтай ТанабаевАлтай Танабаев Лондон олимпиадасынан кейін бас бапкерліктен босады. «Іште өкініш қалды, – дейді Алтай көкейдегісін бүгіп қалмай. – Алпыс жылда еркін күрестен бір қазақтың әлем чемпионы болмағаны жаныма батып жүр. Үш-төрт жылда олимпиада  мен әлем чемпионатының үш медаліне қол жеткіздік. Енді бір ышқынсақ «алтынға» да жетер ме едік...» Құрметті оқырман, жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз! Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:Сілтемені zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз. Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау  терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 14:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 09:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 07:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 11:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 12:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 06:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00