Бүгін Ресей мен Украина делегациялары қайта кездеседі

Бүгін Ресей мен Украина өкілдері кезекті келіссөздер үстеліне отырады.
Кездесуге тағы да Түркия араағайындық етеді. Келіссөздердің Ыстанбұл қаласындағы Чыраған сарайында өтуі жоспарланған.
Украина делегациясын елдің Қорғаныс министрі Рустем Умеров, ал Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барады.
Келіссөздер қарсаңында Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің нақты талаптарын жариялады. Мемлекет басшысы Telegram-арнасында:
«Біздің позициямыз айқын:
1. Атысты толық тоқтату,
2. Барлық тұтқындарды босату,
3. Ұрланған украин балаларының елге қайтарылуы», – деп жазды.
Зеленскийдің айтуынша, Украина тек әділетті бейбітшілікке мүдделі. Ол сондай-ақ, екіжақты түбегейлі мәселелерді тек мемлекет басшыларының өзі шешуі мүмкін екенін атап өтті.
Ресей тарапы әзірге кездесуге байланысты егжей-тегжейлі мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда бұған дейін Мәскеу келіссөздерге тек Украина әскери әрекеттерін тоқтатқан жағдайда ғана дайын екенін бірнеше мәрте білдірген.
Келіссөздердің нәтижесі бүкіл әлем назарында. Халықаралық сарапшылар бұл диалогтың тағдыры Украинадағы соғыстың барысына әсер етуі мүмкін екенін алға тартады.
Еске салсақ, Түркия осыған дейін де Мәскеу мен Киев арасындағы алғашқы келіссөздерге бірнеше рет алаң ұсынған болатын. 2022 жылы да дәл осы Чыраған сарайында екі тараптың жоғары деңгейдегі кездесуі өткен еді.
Сондай-ақ, Ыстамбұлда 2 маусымда өтетін келіссөздерге қатысатын Украина делегациясының құрамы кеңейтілді.
Жарлыққа сәйкес, делегация құрамы 12-ден 14 адамға дейін толықты. Жаңадан қосылғандар қатарында Әскери әкімшілік және операциялық орган (ӘАОО) Бас штабы бастығының орынбасары Евгений Острянский, басқарма бастығының орынбасары Андрей Фомин, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Рада уәкілінің өкілі Юрий Ковбаса бар.
Керісінше, делегация құрамынан ӘАОО Бас штабының Орталық заң басқармасы бастығының орынбасары Алексей Маловацкий алынып тасталды.