Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:47

Бүгін Қонаевта Шерзат Полат ісі бойынша апелляция қаралады

Шерзат Болат
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қонаевта Шерзат Полат ісі бойынша апелляция қаралады.

Бұл туралы марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Біз командамызбен сотқа дайындалып отырмыз. 18 тамыз күні сотталушылардың апелляциясы Қонаевтағы облыстық сот ғимаратында өтеді, - деді ол.

Сонымен қатар сотта төбелес болған жерге куәгер ретінде барған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты іс те қаралады. Бұған қоса, куәгерлер Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазыкеновке байланысты бірінші сатыда шыққан жеке қаулыға қатысты Жақсыгелді Дананың шағымы да осы отырыста тыңдалады.

Айта кетейік, маусым айында Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты. 

Басты айыпталушы Абзал Шынасыл - 23 жыл, Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл, Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда), Нұрбол Тоқтаубаев, 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев  – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жыл, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 1,5 жылға сотталды.

Шерзаттың отбасына сотталушылардан моральдық шығын өндірілді. Шерзаттың әкесі мен шешесіне, әжесіне:

▪️Шынасыл әр жәбірленушіге 20 млн теңгеден;

▪️Сакиев әр жәбірденушіге 15 млн теңгеден;

▪️Қалған сотталушыларың әрқайсысы 10 млн теңгеден береді.

Кейіннен Думан Ысқақ жазасын өтеп түрмеден шықты.

Тегтер: