«Бұл біздің соғыс емес». Дональд Трамп Сириядағы көтерліс туралы
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп көтерілісшілер президент Башар Асад күштеріне қарсы жүріп жатқан Сириядағы жағдайға АҚШ-тың араласпауы керегін айтты.
«Оппозициялық күштер ұйымдасқан шабуылда көптеген қаланы толығымен басып алды және қазір Дамасктың шетінде, шамасы Асадты биліктен кетіру үшін үлкен қадам жасауға дайындалып жатыр», - деді Трамп Truth Social арнасында.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Ресейдің Сириядағы соғысты тоқтата алмағанын айтты.
Трамп 2013 жылы сол кезде Америка Құрама Штаттарының президенті болған Барак Обаманың Сириядағы жағдайға араласудан бас тартқанын, онда химиялық қару қолданылғаны анықталғанын еске салды. Содан кейін Трамп Сирияға «Ресейдің араласуымен нағыз тозақ басталды» деді ол.
«Сирия хаоста, ол біздің досымыз емес, АҚШ-тың оған еш қатысы болмауы керек. Бұл біздің күрес емес. Бәрі өз жолымен жүрсін» дейді Трамп.
Асад Батыстан көмек сұрады
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Башар Асад АҚШ-тан көмек сұраған. Дереккөздердің хабарлауынша, Асадтың Біріккен Араб Әмірліктері арқылы АҚШ-қа жасаған ұсынысында Батыс елдерінің әскери әрекеттеріне ықпал етуіне айырбас ретінде Сирияның Иран қолдайтын «Хезболла» және басқа да осыған ұқсас топтармен ынтымақтастығын толығымен тоқтатуын айтқан.
Үшінші нұсқа бойынша, Асад жаңа конституцияны ұсынып, қуғындағы саяси оппозициямен келіссөздер жүргізген.
2024 жылдың қараша айының соңында қарулы көтерілісшілер тобы Башар Асад күштеріне қарсы жорық бастады. 7 желтоқсан күні кешке Асадтың қарсыластары Алеппо, Хама, Хомс, Дейр-эз-Зор, Дараа сияқты ірі қалаларды басып алып, Дамаскіге жақындады.
Кейбір деректерде Башар Асад Дамасктен кетіп қалғаны хабарланып жатыр.