Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:22, 17 Қараша 2022

Бұл неғылған абыр-дабыр?

None
None

Желі толы қаптаған бот, ауыз жаппайтын заржақтар аш бөрідей жан-жақтан дес бермей, өтірікті үстімізге үйіп-төгіп, көміп тастады ғой төбемізден.

..

Қазақ шын өзгеріс күтеді.

Қазір болмағанда қашан?! Қылтың-сылтыңға салып, Назарбаев кезіндегідей жаппай жағыну мен табыну, алдау мен адастыруға тағы көнетін уақытымыз жоқ.

Станислав Говорухин деген ресейлік режиссер 1990 жылы «Бұлай өмір сүруге болмайды» («Так жить нельзя») деген деректі фильм түсіріп, онда советтік кезеңнің соңғы жылдарындағы Ресейдегі жоқшылық, қоғамның дерттері, қылмыстың көбеюі мен мемлекеттік жүйенің дағдаруын көрсеткен-ді. Бұл туынды әбден тозған, бұзылған қоғамды көрген суреткердің «әй, бұдан әрі бұлайша өмір сүруге болмайды» деген жанайқайы еді.

Біз де бір сәт айналамызға қарайықшы, қазір бізде не боп жатыр?  Қазір біз деген тағы да сайлау өткізейік деп жатырмыз. Кандидаттардың жандайшаптары, яғни үзеңгілестері алаулатып-жалаулатып, бұрынғы даңғаза тірліктен арылмағанын көрсетуде.  Әй, біз әлі далақтап болған жоқпыз ба? Қаңтардан кейін де есімізді жимағанбыз ба?

Иә, Тоқаев тағы сайланады. Сайлансын! Бірақ дәл қазіргі қылығымыз бен кейпімізге қарап, алдағы жеті жылымыз да құр бекерге өтпей ме деген күдік сейілер емес.

Қазаққа екінші Назарбаев керек емес! Екінші елбасы шынымен құртып тынады қазақты. Бізді бір Назарбаевтың өзі оңдырмай тәлтіректетіп кетті емес пе? Бірақ мына жүйеге тағы бір Назарбаев – өл-тіріл керек боп тұрған сияқты. Жүйе өзі өлмеуі үшін тал қармағандай жанталасып, бізге тағы бір елбасын жасап бергелі жатқан сыңайлы?

Қазаққа автократия керек емес! Келесі автократ – қазақты енді қайтып түзелмейтіндей қисайтатыны анық.

Тегтер: