14:55, 27 Желтоқсан 2021
Бұл соңғы пандемия емес – БҰҰ Бас хатшысы
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясы адамзат үшін соңғысы емес екенін айтты.
Ол өзінің Twitter аккаунтында жариялаған хабарламасында: «Коронавирус адамзат тап болатын соңғы пандемия емес. Біз қазіргі вируспен күресіп жатқанда келесісіне де дайын болуымыз керек», — деп жазды.
БҰҰ Бас хатшысы әлемде жыл сайын 27 желтоқсан – эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні екенін атап өтіп, әлем елдерін пандемия мәселесіне тиісті көңіл бөлуге және инвестиция тартуға шақырды.