Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:29, 04 Қыркүйек 2019

Бұлар – айқын ақын, жазушы емес

Азаматтық позиция және сіз

Әр азаматтың өз көзқарасыбар. Бірақ барлық адамның өз түсінігі жоқ.

Жалпы, адам деген екі аяқты пенденіңбәрінің өз билігі өзінде бола бермейді. Ол түсінікті. Енді сізге келейік. Сіздеген елімізге құрметті жазушысыз, әрине. Бәлкім, ақынсыз. Сыншысыз,драматургсіз, журналиссіз. Мүмкін, бас редакторсыз, бұрынғы редакторсыз. Бәрібір.Әйтеуір, қалам ұстаған жансыз. «Әдебиет – ардың ісі», – депті Зейнолла Қабдолов.Одан бұрын Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» да кезігеді бұл атақты ұран.Рас, әдебиет әрқашан ардың ісі болып қала береді. Қай жазушы өзінің даңқты романынжанын азапқа салмай жазыпты?! Жүрегі ауырмай қалам тербеген публицисті білесізбе? Жоқ. Бұл «жоқтың» бүгінгіге қатысы жоқ. Бұл бұрынғы жоқ. Ал бүгінгі ақыныңызда, жазушыңыз да, сыншыңыз да, публицисіңіз де – әй, бәрінің де айқындаушы күшіжоқ. Бұлар – айқын ақын, жазушы емес. Өйткені азаматтық позиция жоқ. Жас ақынЖанат Жаңқашұлы осы бір сөзді перефраза жасап, «Әдебиет – пиардың ісі» деп еді.Рас шығар. Қазір әдебиет айдынында жарнамасы көптер атақтырақ. Мейлі. Тіпті оныңөзі ардан соншалықты аттай қоймайды. Өйткені адам баласы әу бастағыжаратылысынан әлсіз. Нәпсіге берілгіш. Қанша жерден мықты ақын, жазушы болсынатақты болуды қалап тұрады. Оны ар сотына апарып салудың да қажеті жоқ. Өйткеніол – табиғи қалау. Енді табанының бүрі жоқ, кімнің жемісі піссе, соның тауығыболған сіздерді қайда қоямыз?! Елдің жайы, жұрттың күйі кімнің аузымен айтылады?Қазір билік ешкімді тыңдамай-ақ қойсын. Бірақ сіз азаматтық позициясы бар адамретінде өз ойыңызды айтуыңыз керек. Билік айт деген сөзді емес, өз ойыңызды. Тағықайталап айтамыз, тек өз ойыңызды.

Бірақ қазір сізде ой бар.Бірақ өз ойыңыз жоқ. Тіпті болса да, ол айтылмаған соң, жоқ қой. Жазушы марқұм,сіздің әріптесіңіз, біздің ағамыз Дидахмет Әшімханұлы: «Мен сөз өнерiнiң адамымын. Әрi айтқанда – жазушы, берi айтқанда – қатардағыбаспагермiн. Бiрақ қоғамдық өмiрдiң көрiгi күркiреп, үлкен оқиғалардың қазаны бұрқ-сарққайнай түскен тұста бiр тасадан бәрiн сырттай бақылап, «қай жеңгенiң менiкi»деп, мысық тiлеумен мұртымды сылап қана отыра алмаймын. Мұндай сәтте бұлайотыру ұлт зиялысын былай қойғанда, кез келген азаматтың азаматтығына сын депбiлемiн. «Ақын болу ­–  мiндет емес,азамат болу – парыз» дегендi мектепте Некрасовтан, «Азаматтық позиция – айқындаушыкүш» дегендi жас жазушы кезiмде Сағат ағамнан құлағыма құйып өскенiм және бар.Яки iс азаматтыққа тiрелгенде, Толстойша айтқанда, «Не могу молчать!»

Екiншiден,азаматтық позиция жеке адамның өмiрдегi өз ұстаным-көзқарасынан, өз пайым-түсiнiгiнен,өз бағам-бағасынан туындап, сонысымен айқындалатын тұсы тағы бар. Сондықтан меналдағы сайлау, қазiргi сайлауалды жағдайлар, содан соң ел, елбасы, қоғамдықкейбiр мәселелер туралы ойларым мен түйгендерiмдi «сiз» деп сызылмай, «бiз» депкөптiң атынан көсемсiмей, ыңғайсыз да болса «мен» деп, бiрiншi жақтан айтуды жөнкөремiн. Яки Абайша айтқанда, «Өз сөзiм өзiмдiкi» деп, өз ойын ірікпей ортағасалар еді. Осы Дидағаң мысал етіп отырған Сағат Әшімбаев: «Аза­мат­тық және немқұрайдылық…Бұлар от пен судай, бір-бірімен еш уақытта одақтаса ал­майтын және ешқашан даортақ тіл табысуы мүмкін емес одағай нәрселер. Яғни бұл екеуі жақсылық пенжамандық секілді бірін-бірі іштей де, сырттай да жоққа шыға­рып отыратынбір-біріне мүлде кереғар ұғым­дар», – дейді. Демек, Дидахмет Әшімханұлы өзкезегінде ұлт алдындағы мәселеге немқұрайды қарай алмаған. Ал бүгін ше? Бүгінбіз бірен-саран жазушыларды ғана көреміз. Олардың өзінің ішінде есебі бар. Сізкешіріңіз.

Басқа – басқа, дәл қазірелдің бітпейтін жарасын айтуымыз керек. Сіз деп отырмыз ғой, оған біз декіреміз. Бұрын Назарбаевтың билігі кезінде, жарайды, бір адамды ғана мақтадық.Мақтауымыз жеткен жерге дейін мақтадық. Тіліміз жеткен жерге дейін мадақтадық. Қиялымызжеткенге көтеріп, ойымыз жеткенше атақ бердік. Оның заманында жамандайтын бір нәрсе– Кеңес өкіметі еді. Бұрын ештеңе болған жоқ, енді бәрін жасап бердік! Міне,осы сөзді естіп келдік. Енді Тоқаевтың заманы туды. Билікке келді. Таққаотырды. Кешегі жолдауының тақырыбының өзі қоғаммен байланыс. Диалог. Осы диалогқалай орнайды? Қоғамның азаматтық позициясы болған кезде… Сізде азаматтықпозиция болған кезде...

Назарбаевтың отыз жылындабіз шықпаған ұшпақ қалған жоқ. Елу елдің қатарына еніп, Азияның барысына айналып,енді отыздыққа қадам басыппыз. Енді Тоқаев осы қадамдардың дұрыс-бұрысын естукерек қой. Жаңа билік келіп, онымен ауыз жаластық деп, ештеңені ұмытуғаболмайды. Өз ойыңды айту – билікке қарсы болу емес. Қайта билікпен бірге болу.Ақылдасу. Өз айтқаныңды істету емес – азаматтық қоғам болу деген. Ақылдасыпшешу. Енді ше? Онда неге сіз үндемейсіз? Бұрын Назарбаевтың кезіндебилікті  атарға оғыңыз жоқ еді. Биліктенжаман нәрсе бар деп білмеуші едіңіз. Енді Тоқаев президент болғанда, оның қоластындағы адамдармен «достасып», кешегі айтқан сөздің бәрін ұмыттыңыз. Кешіріңіз,кіммен дос болу, кіммен дос болмауыңызды біз айта алмаймыз. Дегенмен сіз азаматемессіз бе?! Позицияңыз жоқ емес. «Менің принципім – принципсіздік» дегенді қоюкерек. Бәтуасыз мақтау. Қазір қазақ билігі мақтауға зәру емес. Отыз жылда мақтаныпболды. Енді одан асыра мақтауға сөз де жоқ. Сол мақтаудың бәрін бір Назарбаевтыңеншісіне қалдырайық.  Енді мақтамайық. Тұқыртпайықта. Бірақ сын айтайық, түзейік. Жазушы болған соң, ащы-қатты айту қай кезде десізге жараспап па еді? Және сіздің сол әрекетіңіз әрқашан сізге бедел әкелетін.Сол жетпей ме, ақыным, жазушым...

Сіз жиі айтатын МаркТвен, Бернард Шоу, Лев Толстой, Достоевский, Брехт, Ремарк – бәрі де жазушылық пен азаматтық позицияны бөліп қарамапты.1941 жылы Брехт Гитлердің сонша зорайып кеткенінің себептерін жазады. Ремаркатақты романдарын жазады. Онысы үшін Нобель сыйлығынан да қағылады. Егер сыйлыққабарып тірелер болса… Бірақ қазір әлемде Ремарктай әлі күнге миллиондағантаралыммен тарап жатқан жазушы сирек. Өз атына да, қарындасына да, боздақтарғада, анасы да мәңгілік даңқ әперіп кетті. Ал Марк Твеніңіз Эйфель мұнарасындаотырып шенеуніктерге миығынан күліп отырды. Лев Толстой «Арылуды» жазған соң,шіркеулерден бас тартты. Даниэль Дефо памфлет жазамын деп, масқаралау діңгегінетаңылды. Бұның бәрі, сол Толстойша айтқанда, «Не могу молчатьтан» шыққан дүниелереді ғой.

 «Жазушы – қоғамның айнасы» дейміз ғой. Ол бұрынсияқты. Бұрынғы ақын-жазушыларлың шығармаларын қарасаңыз, билікпен болған арадағыжағдайдан соң, әйтеуір, бірдеңе жазылып жататын. Кеңес заманының өзіндепамфлеттер жазылып, «Ара–Шмель» журналы шулап жатады дегенді талай естеліктен оқыдық.Сол заманда тура батыр болып сөйледім деген сіздің үніңіз бүгін тым бәсең.

Бүгін сіз билікті әшкерелегенқандай жазушыны білесіз? Үлкендерді айтпай-ақ қоялық. Жастарды айтыңыз. Ешкімжоқ. Бұл деген, тағы айтамыз, билікке жау болу емес. Азаматтық позицияданайырылмау. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғаммен диалог орнатамын депті. Демек, ендіайтуымыз керек. Енді үндемеудің жолы жоқ. Ол беталды беттен алып, төске шабуемес. Ақылдасу, ескерту. Сынау. Қоғамды ояту. Онсыз да қоғамды ояту жұмыстары ақырын-ақырынбасталып жатыр. Сіз де үндемей қалмаңыз! 

Тегтер: