Бұлардың бай болу мәдениеті жоқ

«Бай болудың да мәдениеті бар», дейді журналист Азамат Ерғали. Асқан ауқатты, ірі байлығы бар азаматта сана болса, оның бойында адамзат дамуына үлес қосуға ұмтылыс болуы керек.
Мәселен, ғылымның дамуына септесу, денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету, ғаламшарымыздың экологиясы, қоғамдық бір қозғалыстарға ақша бөлу дегендей. Тарихта – өз елі мен халқының игілігіне ғана емес, жалпы адамзат дамуына ақша бөлген байлар болған.
Билл Гейтстің қайырымдылығын айтыңыз. Халыққа көмек ретінде – 6 миллиард доллар жұмсаған Әлішер Усманов бар.
– Ал қазақ байларының арасында ондай меценаттар некен-саяқ. Әлгі Тоқаев айтқан – 162 байдың қайсысы адамзат үшін жақсылық жасады? Не бір ғылыми жобаларға, не бір ғарышты игеру мен денсаулық сақтау саласына қаржы бөлген емес. Қысқасын айтқанда, өзінің қазақтарының өмірін сәл жақсартайын дейтін бір түйір арманы жоқ, адамға жақсылық жасау деген нәрсе ойына кіріп-шықпайтын ақымақ байлар да болады екен қазақта. Ақшаға шексіз байыған қазақ байлары шындығында, рухани кедейлер екенін көрсетті. Бір семьяның туған-туысы, саудагерлер, алаяқтар мен жағымпаз-жезөкшелер. Бізге бұйырған элитамыздың сиқы осы. Ақордадан ақша бер деген пәрмен болмаса, халықтың игілігіне деп ақша бөлу өздерінің миы жетпеді. Шынымен де, бұлар бай болу мәдениетінен жұрдай екен, – дейді ол.