Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 19 Желтоқсан 2024

Бүлік жасады деп айыпталған Оңтүстік Корея президенті тергеуге келмеді

Юн Сок Ель
Фото: AFP

Тергеу тобы президент өкілдері арқылы және пошта арқылы шақыру қағаздарын беруге тырысты, бірақ хатшылық пен Юнның қауіпсіздік қызметі оларды қабылдамады.

Импичмент жарияланғаннан кейін өкілеттігі тоқтатылған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу департаментіне жауап беруге келмеді. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Жауап алу бүгін өтуі керек еді. Тергеу тобы президент өкілдері арқылы және пошта арқылы шақыру қағаздарын беруге тырысты, бірақ хатшылық пен Юнның қауіпсіздік қызметі оларды қабылдамады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу бөлімінің басшысы О Дон Вун құқық қорғау қызметкерлері заң аясында әрекет ететінін айтты. Тергеу қазір президентті тұтқындауға ордер беру немесе одан қайта жауап алу мүмкіндігін талқылап жатыр. Прокуратура параллельді түрде жеке тергеу жүргізіп жатыр және Юн Сок Ель 15 желтоқсандағы бірінші сот отырысына келмеген соң екінші жауап алуға шақыру жіберді.

14 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы Юн Сок Ельға импичмент жариялады. Ол мемлекетке опасыздық жасады және әскери жағдай енгізуге әрекеттенді деген айыппен тергелуде.

Тегтер: