Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:39, 27 Қыркүйек 2022

Бұқаралық спорт мектептен басталады

None
None

Елімізде бұқаралық спортты көтеру жиі айтылатын мәселе. Осы орайда балаларды спортпен достастыру, оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау мектептен бастау алса, нәтижелі болары анық.

Осы орайда кеше Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бір мәселенің шетін шығарды.

Бас мұғалім: «Елімізде мүлде спортзалы жоқ мектептер көп, талаптарға сай келмейтін, бейімделген спортзалдар көп. Сондай-ақ бейімделген мектептерде керек жабдықтар мен басқа да шарттармен мәселелер бар. Біз бұл мәселені қосымша алаңдар беру арқылы шешеміз. Дене шынықтыру сабағына қатысты айтар болсақ, соңғы жылдары салынған мектептердің өзі мемлекеттік жалпыға ортақ стандартқа сай келмейді. Өйткені дене шынықтыру аптасына үш рет. Мысалы, 1200 бала оқитын мектепке бір спортзал аздық етеді, – деді. Ең бастысы бұл мәселелердің алдағы үш жылда толығымен шешілетініне уәде берді. Және бүгінгі күні бұл мәселелерді шешу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мәселелердің ашық айтылуы, оның алдағы уақытта шешілуіне мұрындық болары анық. Сондықтан оқу-ағарту министрінің мәселені көтеріп, оның нақты шешілетін уақытына дейін айтуы еліміздегі ата-аналарды қуантып отыр.

Бала спортпен мектеп қабырғасынан бастап шұғылданбаса, есейе келе зиянды әдеттерге әуестеніп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан мектептердегі спортзал мәселесінің маңызы зор. Атап өтер жайт, бүгінгі күні елімізде 1 млн 400 мыңға жуық бала дене шынықтыру және спорт­пен шұғылданатын көрінеді. Оқу-ағарту министрі бұл статистиканы көтеру жоспары да жүзеге асып жатқанын жеткізді. Демек, алдағы уақытта бұл көрсеткішті көтеріп, ел ішіндегі бұқаралық спорттың жағдайын жақсарту – еліміздің басты мақсаттарының бірі болып отыр!

Тегтер: