Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Карантингебайланысты жабылған Бурабай жағажайларына демалуға келетін халықты тоқтату үшінТЖ кезіндегідей блокбекет орнату қажет.
Бұл туралы Ақмола облысы Бурабайауданының бас санитар дәрігері Сералы Жолдоспаев мәлімдеді, — депхабарлайд 24.kz
Ақмола облысындағы«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде әр демалыс сайын «жабайы»жағажайларға туристер көп жиналады, олар суда жүзуге ресми тыйымға немесекарантин туралы жазбаларға мән бермейді екен.
Сақтық шараларын ұмытып,мыңдаған демалушы бос уақытын санитарлық нормаларды сақтамай өткізеді. Жауаптықызметтер мен полиция амалсыз: рейдтер жүргізіліп жатыр, бірақ туристер оданқорықпайды, деп хабарлайды телеарна.
Бурабайдағы жабайы жағажайбірнеше шақырымға созылған. Демалушылар журналистерге туған күн атап өтугенемесе достарымен кездесуге келгендерін айтты.
Телеарнаның хабарлауынша,демалушылар санитарлық нормалар, маска режимі, тіпті әлеуметтік қашықтықтысақтамайды. Полицейлер рейдтер ұйымдастырып жүр. Алайда карантин талаптарынбұзушының көбі тек ауызша ескертулермен құтылады. Шектеу шаралары енгізілгенненбері 8 адамға ғана айыппұл салынған.
Ал санитар дәрігер оданқұтылудың жалғыз амалын айтты.
«Шамасы, халық мұныңқатерін түсінбейді. Осындай жағдай болып отыр. Менің ойымша, туристердің келуінреттейтін бірден-бір шара — бұл төтенше жағдай кезіндегідейблокбекеттер орнату», — деді ауданның бас санитар дәрігеріСералы Жолдоспаев.